«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНЫ АЗ АУЫЛДАР ТАРАТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтіп, онда облыстың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітіліп, тағы бірнеше мәселе дауысқа салынды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев пен бірқатар басқарма басшылары қатысты.

Алғашқы сұрақ бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасап, үш жылда өңір бюджетінің қай салаларға қандай көлемде жұмсалатынын айтты.

– Келер жылы бюджеттік субвенция көлемі – 336 млрд., 2026 жылы – 347 млрд., 2027-де 360 млрд. теңге болады деп күтіліп отыр. Білім беру саласына бөлінетін бюджет – 158 млрд. теңге. Денсаулық сақтау саласы бойынша қаржыландыру көлемі – 11 млрд. теңге. Әлеуметтік қорғау шараларына 26 млрд. теңге қарастырылған, – деді басқарма басшысы.

Кейін облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу және әкімшілік-аумақтық құрылысына енгізілетін өзгерістер туралы облыстық эконономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов сөз алды. Басқарма басшысының сөзінше өңірде оннан аз адам тұратын 38, ешкім тұрмайтын 7 ауыл бар екен. Аталған елді мекендерді таратып, тұрғындарын қолайлы жағдай жасалған ауылдарға көшіру керек екенін жеткізді.

Бұдан бөлек сессияда басқармалардың өкілдері ауыз судың текше метрі үшін төлемді бекіту, теннис орталығын жөндеуді мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктен шығарып, қалалық әкімдікке беру туралы баяндамалар жасалып, дауысқа салынды.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp