«Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, салдарынан 20 мың литр сыра тиелген жүк көлігі аударылып қалды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға автожолдың 436 шақырымында, Ленинск елді мекенінің жанында орын алған. «Volvo» жүк көлігін 63 жастағы Қырғызстан азаматы тізгіндеп келе жатқан. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігі зақымданды. Полиция қызметкерлері мен өтіп бара жатқан жүргізушілер қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектескен.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.