«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Жуырда Үкімет Петропавл қаласында 280 орындық балабақша салу үшін арнаулы мемле­кеттік қордан 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан «Жас өр­кен» шағынауданында салынады деп жоспарла­нуда. Күн сайын көркейіп келе жатқан бұл шағынауданда бала саны толық мектепке дейінгі үш мекеме жұмыс істейді.

Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйым­дардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен үш мың бала кезекте тұр, олардың жартысы екі жастан алты жасқа дейінгі сәбилер.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp