«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУҺАР ТУЫНДЫЛАР – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар креативтік орталығында «Ауылға кітап» жобасы аясында қа­зақ тіліне аударылған әлемдік бест­селлер туындылардың тұсаукесері өтті. «Мазмұндама» баспасының ма­мандары аударған шығармалар ауыл мектептеріне сыйға берілді.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орын­басары Жүсіп Жұмағұлов, «Мазмұндама» баспасының басшысы Теңіз Сейілхан, «ForteBank» облыстық филиалының дирек­торы Диас Қазыбаев игі бастаманың өңіріміздің рухани өміріндегі маңызы тура­лы айтты.

–«Ауылға кітап» жобасы тек кітап шыға­румен ғана шектелмейді. Оның негізгі мақ­саты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңей­туге ықпал ету. Адамды рухани байытатын кітаптардың қазақ тілінде қолжетімді болуы үшін орасан зор жұмыс атқарған «ForteBank» өңірлік филиалына және «Мазмұндама» баспасына ерекше алғысымды білдіргім ке­леді, – деді Жүсіп Жұмағұлов.

«Мазмұндама» баспасының басшысы Теңіз Сейілханның айтуынша, мекеме 2018 жылы құрылған. Әлемдік бестселлерді қазақ тіліне аударумен айналысып келе жатқан ұйым 6 жыл ішінде 550-ден астам туынды­ның тұсауын кесіпті.

Жоба аясында әлемнің ондаған тілдерін­де жарық көрген және миллиондаған дана­мен сатылған 6 культтік кітап мемлекеттік тілге аударылған. Джордан Питерсонның «Өмірдің 12 ережесі», Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады?», «Биліктің, өркендеу мен кедейліктің бастауы», Тони Шейдің «Қуа­ныш сыйлау», «Неге деген сұрақтан баста­ңыз» Ұлы көшбасшылар әрекетке қалай ша­быттандырады», Фрэнк Герберттің «Құм­бел», Рид Хастингс және Эрин Мейердің «Ережесіз ереже. Netflix және ерекше басқа­ру мәдениеті» туындылары өңір мектеп­теріндегі кітапханалардың сөрелерін толық­тырды.

Бұл жинақтарды басып шығаруға «ForteBank»-тың өңірлік филиалы қолдау көрсетті. Қаржы ұйымы барлық алты кітап­тың 3000 данасын шығаруға қаржы бөлген.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp