«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ– ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және алдын алу бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасында ашықтық, адалдық және өзара сенім принциптері орныққан. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – алдын алу, яғни құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын кешенді шаралар. Мұндай тәсіл тек салдармен күресуді ғана емес, сонымен қатар олардың туындау жолдарын азайтуды да көздейді.

Алдын алу жұмысының табысты болуының басты факторларының бірі – мемлекеттік органдар мен сы­байлас жемқорлыққа қарсы қыз­меттің өзара тығыз әрекеттестігі. Сонда түрлі салаларда, соның ішінде орман пайдаланудан бастап, құры­лыс пен коммуналдық шаруашы­лыққа дейін тәуекелдерді уақытында анықтаудың ықпалы зор. Осындай үйлесімділіктің арқасында жемқор­лық құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді. Әлеуметтік зерттеу­лердің нәтижелеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысы бірне­ше жылдан бері сыбайлас жемқор­лық деңгейі төмен аймақтар қата­рында.

Бұл бағытта ерекше көңіл бөлетін бір мәселе–жемқорлық әрекеттердің болмауын қамтамасыз ету, сондай- ақ заң бұзушылық әрекеттерін тез арада анықтап, тоқтату. Бұл үшін тиімді әдістердің бірі–басқару мен шешім қабылдауда ашықтықты арт­тырудың, заманауи технологиялар­ды енгізудің мәні айрықша. Мыса­лы, «Білім беру ұйымдарында бірік­кен цифрлық есеп» жобасы мен «Біртұтас сатып алу терезесі» порта­лын мониторингтеу манипуляция­ларды және әділетсіз тәжірибелерді болдырмауға мүмкіндік береді. Үдерістердің цифрлануы барлық мүдделі тараптар үшін ашықтықты қамтамасыз етеді, тәуекелдерді ай­тарлықтай азайтады.

Сонымен қатар алдын алу шара­ларының маңызды тағы бір элементі – қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкер­лермен, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау. Ашықтық, ақпаратқа қол­жетімділік және халықпен кері бай­ланыс жемқорлықтың алдын алуда негізгі рөл атқарады. Қоғамның бар­лық топтары бақылау және шешім қабылдау үдерісіне тартылған сайын заңға қайшы көріністерді ерте кезең­де анықтау ықтималдығы жоғары болады. Осы тұрғыда азаматтық ба­қылау институттарын құру және жағдайды жақсартуға белсенді қаты­сатындарды қолдау маңызды қадам болып табылады.

Жемқорлықтың алдын алу – бір­жолғы іс-шара емес, тұрақты назар мен жүйелі әрекеттерді талап ететін үдеріс. Биыл Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл жөніндегі ве­домствоаралық комиссия әртүрлі салалардағы тәуекелдерді талдауға байланысты маңызды мәселелерді қарастырды. Мұндай талқылаулар сыбайлас жемқорлыққа жоғары тәуекелдер бар әлсіз тұстарды анық­тауға және оларды жоюға бағыттал­ған шараларды жедел енгізуге кө­мектеседі. Желтоқсан айындағы отырыста 2024 жылдың қорытынды­лары шығарылып, негізгі міндеттер белгіленіп, 2025 жылға арналған іс- қимыл жоспары бекітілді. Басты на­зар заманауи және тиімді әдістерді енгізуге, сондай-ақ тәуекелдер дең­гейін одан әрі төмендетуге бағыттал­ды.

Облыста алдағы уақытта да ба­рынша ашықтық пен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдерге сүйену одан әрі жалғасын табатын болады. Алдын алу–бұл тек құқық бұзушы­лықтармен күрес қана емес, соны­мен қатар жаңа мәдениетті, адалдық пен ашықтық нормасын қалыптас­тыру, дағдыға айналдыру деген сөз. Үздіксіз жұмыс істеу және қоғамның барлық топтарын тарта отырып, жемқорлықсыз орта қалыптастыруға ұмтылу басты талап болып қала бе­реді.

Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp