«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Орталық алаңда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен жаңажылдық бас шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Көңілді кеш барысында Аяз ата мен Ақшақар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тұрғындар жергілікті өнерпаздар әзірлеген мерекелік концертті ерекше ықыласпен тамашалады.

«Санаулы күндерден кейін біз жаңа 2025 жылға қадам ба­самыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сынақтарға да, игі жақсылықтарға да толы бол­ды. Келер жылдың да қуаныш пен береке алып келетініне сенеміз. Өнерпаздар әзірлеген мерекелік бағдарлама қала­лықтар мен меймандардың көңілінен шығуда. Қаламыз­дың орталық көшелерінің әсем безендірілгені көңілге қуаныш сыйлайды», – дейді Петропавл қаласының тұрғы­ны Ардақ Есмағамбет.

Орталық алаңдағы мұздан жасалған әсем мүсіндер, түрлі- түсті жарқылдаған шамдар, ша­ғын сәулет нысандары көздің жауын алады. Таңғажайып әлемде жүргендей әсер алған жергілікті тұрғындар «Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, бар­шамызға береке сыйлаған жыл­дың он екі айына алғысымызды білдіреміз!» – деп тарқасты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp