«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЛ САНАҒЫ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-нұсқаулық мәселелерді шешуге арналған өңірлік көмек комиссиясының екінші отырысы өтті.

Отырыста ауыл шаруашылы­ғы санағына дайындық туралы Ұлттық статистика бюросы об­лыстық департаменті басшысы­ның орынбасары Марал Нұр­жаупова баяндама жасады. Облысымызда биыл 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Петропавл қаласында, Қы­зылжар ауданының орталығы – Бескөлде, Айыртау ауда­нының Сырымбет ауылында қанатқақты жоба ретінде ауыл шаруашылығы санағы өтті.

Оның негізгі мақсаты – са­нақ сауалнамасын, әдісте­месін, бағдарламалық қамта­масыз етуді, бюджетті бағалау­ды және мерзімдерін тестілеу. Сауалнамаға заңды тұлғалар да, ауыл шаруашылығы қыз­метімен айналысатын тұрғын­дар да қатысты. Барлығы 1894 үй шаруашылығы және 1376 кәсіпорын мен шаруа қожа­лығы зерттелді.

Ендігі мақсат – келесі жылы өтетін Ұлттық ауыл ша­руашылығы санағына сапалы дайындалу. Әсіресе картогра­фиялық материалды дайын­дау, ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын ұйымдастыру, са­нақ қызметкерлерін іріктеу, тікелей сауалнама жүргізу ке­зеңінде санақ қызметкер­лерінің қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мәселелеріне мән берілді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp