«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

 ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН ШЫРША

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Оқушылар сарайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қаты­суымен ел Президентінің атынан ұйымдастырылған жаңажылдық шырша мерекесі өтті.

– Жаңа жыл – өткеннен сабақ алып, болашаққа жоспар құратын мереке. Біз әсем, жарқыраған шыр­шаның жанына жиналып, Жаңа жылды қарсы алуға дайынбыз. Қуа­ныш пен ғажайыптарға толы мереке әр балаға шаттық сыйласын. Сіз­дердің әрқайсыларыңыздың білімді, саналы азамат болып өсетін­деріңізге сенемін, – деді өз құттық­тауында облыс әкімі.

Іс-шараға өңіріміздің түкпіртүкпірінен озат оқушылар, олим­пиада жүлдегерлері, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасылардың балалары, жетімдер мен ерекше қажеттіліктері бар сәбилер жиналды. Балалардың барлығы жылдағы дәстүр бойынша жаңажылдық шырша мерекесіне арнайы тігілген костюмдерін киіп келген. Олар үшін арнайы қойылым дайындалып, әр балаға Мемлекет басшысының атынан планшет, кі­тап, тәтті сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара кішкентай ба­лақайлардың «Жаңа жыл» атты ән шашуымен басталды. Содан кейін мың бұралған бишілер жи­налған бүлдіршіндерге әсерлі хо­реографиялық туындыларды ұсын­ды. Түрлі ертегі кейіпкерлері ортаға шығып, театрландырылған қойы­лым көрсетті.

«Бүгінгі шарадан ерекше әсер ал­дым. Маған ертегі кейіпкерлері қат­ты ұнады. Қар ханшайымы Кайды ұрлап әкетіп, құрбысы Герда, Бүркіт, Ганс, қарақшы, бұғы, Күн ана сын­ды достарымен бірге оны іздеуге кіріседі. Ұзақ, шытырманға толы саяхаттан кейін достары Кайды зұ­лым ханшайымның уысынан құтқа­рып қалады. Кейін барлығы қосы­лып Аяз ата мен Ақшақарды шақыр­ды. Олар ортаға шығып, балаларды Жаңа жылмен құттықтады», – дейді шараның қонағы Ақжар ауданынан келген оқушы Аяулым Қаматай.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp