«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАБЕҢНІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ әдебиетінің классигі, жа­зушы Ғабит Мүсіреповтің ғұмырна­масынан сыр шертетін «Ғабит Мүсі­репов» энциклопедиясы жарыққа шықты. Сиясы кеппеген жинақты Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық му­зей-кешенін ұзақ жылдар бойы бас­қарған Әділғазы Қайырбеков әзір­леген.

Энциклопедияда қазақ әдебиетінің қамбасын небір жауһар дүние­лермен толтырған қаламгердің өмір жолы, өскен ортасы, шығармалары­ның жазылу тарихы, ой-тұжырым­дары, замандастарының лебізі мо­лынан қамтылған. Аталмыш туын­дының алғы сөзін Қазақстан Жазу­шылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова мен Әділғазы Қайырбеков жазған. Кітаптың кө­лемі – 47 баспа табақ.

«Ғабит Мүсірепов» энциклопе­диясының жарыққа шығуы – біз үшін үлкен қуаныш. Бұл – ұзақ жылдар бойы әзірленген ғылыми еңбек. Оның бастауында жоба же­текшісі Әділғазы Қайырбеков тұр. Әкеміздің есімін иеленген мәдениет ошағын ұлт зиялылары бас қосатын рухани ордаға айналдырды. Әрине, энциклопедия бір ғана адамның ең­бегімен шықпайды. Осынау игі істің жүзеге асуына жәрдемдескен Г. Құ­дабаеваға, Н. Алтаеваға, Р.Отаров­қа, Ж. Таеваға, А. Көшербаеваға ерекше алғыс айтамын», – деп Ға­беңнің қызы Гаухар Мүсірепова жү­рекжарды лебізін жеткізді.

Қазақ әдебиетінің өркендеу, өр­леу дәуірінде қайталанбас қолтаң­басын қалдырған Ғабит Мүсірепов туралы ел естімеген мәліметтер, қа­ғазға түспеген тың деректер енгізіл­ген аталмыш туынды құнды кітап­тардың ортасынан ойып тұрып орын алатынына сенеміз.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp