Петропавлда облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жайы талқыланды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелердің алғашқысы – Мағжан Жұмабаев аудандық ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары туралы есебі. Жиналғандарға «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасында айтылған тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, ұйым белсенділерінің жұмысы жинақталған бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізовтің 2024 жылы өңірдегі 271 цехтық және 569 бастауыш ардагерлер ұйымында өткен есеп беру жиналыстарының қорытындылары туралы ақпараты тыңдалды.
Шара соңында көпжылдық және жемісті қызметі үшін Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Бородавко, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Балкүміс Искакова және Айыртау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Тұралин «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».
Суретті түсірген
Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.