«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.03.2025

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

1933 жылы Мәскеуде Алаштың ардақты перзенті Смағұл Садуақасов қайтыс болғанда ақын Мағжан Жұмабаев: Жас Смағұл үздік туған бала екен, Байтақ елге асқар таудай пана екен. Сол баладан, сол панадан айырылып, Қайран қазақ жүрегінде жара екен, – деп қайғы жұтады. Смағұл Сәдуақасовтың өзі замандасы туралы: «Мағжан – қазақ жастарының ой-санасының әміршісі» деген пікір білдіріпті. Смағұл Сәдуақасов …

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ Read More »

АМАЛ ДЕГЕН АЙЫҢЫЗ…

Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз жақындаған сайын, күн райымен қатар адамдардың көңілі де жадырап, мерекенің лебі еседі. Ұлық мейрамға дейінгі бір аптаның әр күні ерекше құндылыққа, қасиетке толы. Табиғатпен етене жақын өмір сүрген көшпенді халық үшін көктемнің келуі үлкен қуаныш. Қыстың қаһарымен алысып, қақаған аяз бен ұйытқыған бораннан үй-іші мен төрт түлігін аман алып шығу …

АМАЛ ДЕГЕН АЙЫҢЫЗ… Read More »

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ

Петропавлдағы CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорны жанынан дуалды білім беру жүйесі бойынша жаңа оқу орталығы ашылды. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен CLAAS компаниясының Шығыс аймағы бойынша аға вице-президенті Михаэль Риттер бастаған германиялық делегация зауытқа арнайы бас сұғып, оқу орталығының мүмкіндіктерімен …

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ Read More »

МАЙЛЫ ДАҚЫЛ – МОЛШЫЛЫҚ КӨЗІ Көл-көсір пайдаға кенелуге не кедергі?

Әртараптандыру — тиімділігі жоғары экономикалық құрал. Кедергі мен тәуекелсіз өрге басу үшін өндіріс пен ауыл шаруашылығы жан-жақты дамуы керек. Мамандар қазіргідей өзгеріс заманында «барлық жұмыртқаны бір себетке салып» тасу қауіпті екенін айтады. Сондықтан да тәуекелдерді азайтып, орнықты даму үшін бірнеше бағытты қатар алып, ресурстарды тиімді жұмсаған жөн. Бұл мәселе өңірде өркен жайған өсімдік шаруашылығына да …

МАЙЛЫ ДАҚЫЛ – МОЛШЫЛЫҚ КӨЗІ Көл-көсір пайдаға кенелуге не кедергі? Read More »

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

Редакциямызға Петропавл қаласының тұрғыны Ғалия Сапарова хабарласып, «Мен «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» тұрғын үй бағдарламалары жөнінде толығырақ білгім келеді. Бағдарламаның шарттары қандай?» — деген сауалын жолдады. Оқырманымыздың бұл сұрағына «Отбасы банк» акционерлік қоғамы облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің маманы Жанбота Естайқызы былай деп жауап берді: «Наурыз» бағдарламасына өтінімдер 5-31 наурыз аралығында қабылданады. Бағдарламаға соңғы 5 …

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ? Read More »

АУДАНДАР ТАСҚЫНҒА ДАЙЫН БА?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар, Есіл, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл аудандарының әкімдерімен кездесіп, көктемгі су тасқынына дайындық барысын пысықтады. Шараға аудандардағы төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары да қатысты. Өткен жылы орын алған су тасқынынан Петропавл қаласы, Есіл және Қызылжар аудандары айтарлықтай зардап шекті. Биыл су басу қаупін азайту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Қызылжар ауданына қарасты …

АУДАНДАР ТАСҚЫНҒА ДАЙЫН БА? Read More »