«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.05.2025

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІ

Қарбаласқа толы оқу жылы артта қалып, үш айлық жазғы демалыс басталды. Жаз – тек ойнауға, серуендеуге ғана емес, күтпеген қауіп-қатерлерге де жол ашатын уақыт. Сондықтан ата-аналар мен тәртіп сақшыларының міндеті – балалардың демалысын қызықты әрі ең бастысы, қауіпсіз етіп ұйымдастыру. Биылғы жазда балаларды қамтитын демалыс түрлерінің мазмұны кеңейіп, түрлі әлеуметтік санаттағы оқушылардың ерекшеліктері ескеріліп, олардың …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІ Read More »

ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ

Астанада мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде …

ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ Read More »

ТАРТЫСТЫ ОЙЫН, ТЕҢ НӘТИЖЕ

Өткен жексенбі Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызылжар» командасы мен семейлік «Елімай» арасында тартысты футбол матчы өтті. Ойын басталғаннан-ақ екі команда шабуылға иек артты. Бірінші таймда алаң иелері басым көрінді, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде шабуылшы Андрей Ульшин есеп ашты. «Елімай» ойыншылары да қарап қалмай, екінші таймда қарқынын үдете түсті. Қонақтар сапынан Никита Корзун таразы …

ТАРТЫСТЫ ОЙЫН, ТЕҢ НӘТИЖЕ Read More »

АУЫЛДЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЙРЕТКЕН МАЙДАНГЕР

Біздің әкеміз Қаратай Әбілеұлы Аблин Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты (бұрынғы Ленин ауданы) Қарағай ауылында 1925 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Әке мен шешеден ерте жетім қалған. Ағасы Елубай екеуі бірін-бірі жетектеп, нағашы жұртын паналап өскенін әкем айтып отырушы еді. 1941 жылы ағасы Елубай, 1943 жылы 18 жасында әкеміз соғысқа аттанған. Забайкалье фронтының 1917 …

АУЫЛДЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЙРЕТКЕН МАЙДАНГЕР Read More »

«Басыма қонған бағым еді»

Облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменов бір кездескенімізде: «Самрат, есімі аталмай кеткен Октябрь Әлібек деген азамат болған-ды. Мүмкіндік туып жатса, қаламгер атаңның атын асқақтатып, жерлестеріміздің есіне салып қойсаң, сауапты іс тындырар едің», – деп бағыт сілтеген еді. Сұрастыра келе, қала іргесіндегі Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында тұратын Теңдік деген қарындасының баласы Дулат Наурызбаевты тауып, одан жақсының …

«Басыма қонған бағым еді» Read More »

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ресей Федерациясының Қорған облысының шекарасына дейінгі республикалық автожолды қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді. Жоба созылып кеткендіктен, ендігі міндет – жөндеуге қарқын қосу. Жаңа мердігер қызу жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін көліктер жаңа жол арқылы қайта жүйтки бастамақ. Бұл шекара маңындағы өңірлерді байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналып, логистика мен туризмнің дамуына серпін …

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР Read More »

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС

«Жолдың жайын жолаушы біледі» демекші, алыс-жақын жолға шыққанда даладан да қолайлы жағдай іздейміз. Бұл қалауымыз орын­ды. Өркениетті ел боламыз десек, қайда жүрсек те табиғи қажеттіліктерімізді қанағаттандыратын сервистік жағдай жасалуы керек. Осы мәселенің көтерілгеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Жос-пар бар, жүзеге асыру тетіктері нақтыланған. Дегенмен ойдағы істің өнбей тұрғанына жолға шыққанда көз жеткізесің. Жол бойындағы сервис …

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС Read More »

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Кезекті оқу жылы аяқталды. Білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, оқушылар мектеппен қоштасып, түлектер жаңа өмірге қанат қаққан сәт туды. Биыл 25 мамыр жексенбі – демалыс күніне тұспа-тұс келгендіктен, әр мектеп соңғы қоңырауды өздері таңдаған жұмыс күндері өткізді. Өткен оқу жылында облыс аумағында 444 мектеп жұмыс істеп, онда 73 996 оқушы білім алған. Олардың 3642-сі – …

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ Read More »

ӘЙЕЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Петропавл қаласында «Гендерлік теңдік – қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, ұмтылыс, трансформация» тақырыбында ауқымды республикалық форум өтті. Бұл форум – гендерлік теңдік мәселесін кеңінен талқылауға арналған маңызды алаң болғандықтан, оған түрлі саланың 300-ден астам өкілі қатысты. Форум аясында қатысушылар облыстық перинаталдық орталық жанындағы 2024 жылы ашылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығына барды. Орталық 3 жасқа …

ӘЙЕЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ Read More »

ТАТУ КӨРШІ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған облыстың ресми және іскерлік делегациясы Ресей Федерациясының Қорған облысында болды. Іссапар Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев пен Қазақстанның Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Жарас Мамутбековтің қолдауымен жүзеге асты. «Еліміз бен көршілес мемлекеттің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық нығая түсуде. Соңғы бес жылда облысымыз бен көрші ел арасындағы тауар айналымы …

ТАТУ КӨРШІ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу тек мемлекетке жүктелген міндет деген ұғым біртіндеп өзгеріп келеді. Қайырымдылық пен бизнестің арасына шекара қойған бұрынғы көзқарас әлсіреп, оның орнына жаңа әрі өзекті ұғым – «әлеуметтік кәсіпкерлік» келді. Табыс табудан бұрын, адам тағдырына алаңдайтын, қоғамның әлсіз тобына көмектесуді мақсат тұтатын жаңа буын кәсіпкерлер өңірімізде де пайда бола бастады. Әлеуметтік кәсіпкерлік …

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ? Read More »