«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.06.2025

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНА «САЯХАТ»

Облыс мектептерінің қаржыға жауапты мамандары сыбайлас жемқорлықтың сал­дарын көзбен көрді. Петропавл қаласын­дағы №50 әйелдерді түзету мекемесінде ерекше форматтағы профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Оған облыс­тың жалпы білім беретін мектептерінің ди­ректорлары мен есепшілері қатысты. Экскурсия барысында қатысушыларға мекеме ішіндегі тәртіп, сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары көрсетіліп, нақ­ты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтарының салдары кеңінен …

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНА «САЯХАТ» Read More »

ТӘУЛІК БОЙЫ ҰШАҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ

«Қызылжар халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық мүмкіншілігі артып, енді халықаралық бағыттарда жаңа рейстер ашу жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әуежайдың жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен кездесті. Кездесуде әуежайдың даму перс­пективалары, инфрақұрылымды жақ­сарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Әуежай жұмысы алға ба­сып келеді. Мәселен, жақында түнгі рейстерге рұқсат берілді. Нәтижесінде …

ТӘУЛІК БОЙЫ ҰШАҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ Read More »

ЖҮЗ АЙТҚАННАН БІР КӨРСЕТКЕН АРТЫҚ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокурату­расы облыстық соттың қолдауымен әкімшілік заң бұзушылықтар туралы іс­тер бойынша іс-шара ұйымдастырды. Жиын жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және әкімшілік іс жүргізудегі «жариялылық пен заңды­лық» қағидаттарын көрсетуге бағыттал­ған. Көрнекі процестер іс жүзінде ұсақ заң бұзушылықтар үшін де «жазаның бұл­тартпайтындығы» қағидасын көрсетеді. Осы …

ЖҮЗ АЙТҚАННАН БІР КӨРСЕТКЕН АРТЫҚ Read More »

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫ КЕҢЕЙДІ

«Qyzyljar» арнайы экономикалық ай­мағы кеңейтіліп, бесінші субаймақ пайда болды. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жаңа су­баймақ 10 маусым күні Үкіметтің қаулы­сымен құрылды. Осылайша «Qyzyljar» ар­найы экономикалық аймағы қосымша 24,5 гектар аумаққа ұлғайып, 236,8 гек­тарға жетті. Жаңа құрылған бесінші субаймақта халықаралық деңгейдегі ірі инвестиция­лық жоба жүзеге асады. «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС компаниясы жаңа …

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫ КЕҢЕЙДІ Read More »

ӨЗ КІРПІШІҢ БОЛМАСА — КІРІПТАРСЫҢ

 Импортқа тәуелділік, ішкі өндірістің шектеулілігі және құрылыс материалда­рының баға жағынан қолжетімсіздігі – қазіргі құрылыс саласының жүйелі әрі күрделі мәселелерінің бірі. Бұл ахуал тек экономиканың белгілі бір секторы­ның проблемасы ғана емес, ұлттық инфрақұрылым мен әлеуметтік тұрақты­лыққа әсер ететін маңызды факторға айналды. Елімізде үй салғысы келетін әр азамат, ең алдымен, құрылыс материалдарының бағасы мен қолжетімділігі­не назар аударады. …

ӨЗ КІРПІШІҢ БОЛМАСА — КІРІПТАРСЫҢ Read More »

ХАС ЖҮЙРІКТЕР ҚАРА ҮЗДІ

Өткен демалыста спортсүйер қауымның назары Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ип­подромына ауды. Бәйгеден ел чемпионатының іріктеу кезеңіне келгендер арасында қатысушы да, жанкүйерлер де көп. Сайысқа сайланған сәйгүліктер құнан бәйге, топ бәйге мен жорға жарыста сынға түсті. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 22 млн. теңгеден асады. – Бұған дейін аламанның үш кезеңі өтті. Үш кезеңнен де сүрінбей өткен сәйгүліктер …

ХАС ЖҮЙРІКТЕР ҚАРА ҮЗДІ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ

Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейто­йына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иелен­ген облыстық ғылыми-әмбебап кі­тапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, руханият ордасы­ның бүгінгі тыныс-тіршілігімен та­нысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция ұйым­дастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл­жарлықтарды қазақ әдебиетін шоқ­тығы …

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ Read More »