«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.06.2025

«ЖУРНАЛИСТЕР ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САҚШЫСЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Журналистика саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Сағындық Рахымжан кәсіби қызметтің әр саласында қалам тартып, бірнеше ақпарат құралында тер төкті. Бұған дейін «Дөңдегі ауыл» кітабы жарық көрген оның күні кеше «Сағыныш дәптері» атты жаңа жинағы оқырман қолына тиді. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Сағындық Сәбитұлынан алынған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қабырғалы қаламгер Орал­хан …

«ЖУРНАЛИСТЕР ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САҚШЫСЫ БОЛУЫ КЕРЕК» Read More »

ШОЛПАНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Адам баласы үшін саналы ғұмырының қай кезеңі болмасын елеулі. Десек те жеті асу белестің орны бөлек. Неге десеңіз, 70 жас – ақыл-ойдың, сана-сезімнің әбден толығып, кемеліне келетін, өткен өмірін ой елегінен өткізіп, таразылайтын, ел алдында есеп беретін кезі. Осы тұрғыдан сөз сабақтайтын болсақ, өзіміз сүйіп оқитын, тұрақты оқырманы саналатын аудандық «Есіл өңірі» газеті арқылы киелі …

ШОЛПАНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН Read More »

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МӘЛІМ ЫСҚАҚ БАТЫР

… 1965 жылдың шілде айының орта кезі. Күн ыстық. Балықты көлінің биік дөңінде орналасқан Жаңаталап ауылының бір топ баласы Есіл өзенінің салқын суына шомылып, құмына аунап қайту мақсатымен ауылдан шықтық. Іргеде тиіп тұрған өзенге жеткесін екі-үш сағаттай суға шомылып, құмарымыз қанған соң көп ойланып жатпастан келесі бетке жүзіп өттік және қалың тоғайдың артында әрі кетсе …

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МӘЛІМ ЫСҚАҚ БАТЫР Read More »

ЖҮЙКЕСІ ЖҰҚАРҒАН ЖАСТАР КӨП

XXI ғасыр жастары бұрынғыдан еркін, білімге құштар, ақпаратқа қанық. Бірақ осы артықшылықтардың көлеңкесінде олардың психикалық саулығына төнген қауіп те күшейіп барады. Әлеуметтік қысым, оқу жүктемесі, өз-өзіне деген сенімсіздік, жалғыздық – мұның бәрі көпшілік көзінен тыс қалып жатады. Әсіресе, мектеп түлектері, оқу орындарына жаңадан қабылданғандар мен мансап жолын енді бастағандар қиындықпен күресудің жолын біле бермейді. «Бізге …

ЖҮЙКЕСІ ЖҰҚАРҒАН ЖАСТАР КӨП Read More »

ПОЭЗИЯ ТАБЫСТЫРҒАН ЕГІЗ ЖҮРЕК

Астана қаласына барған сапарымызда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Жарасбай Нұрқановтың үйіне ат басын бұрдық. Келгенімізге шын жүректен қуанған жақсының жары Қазина апайымыз қаламгердің жұмыс кабинетін көрсетті. Ұстаған заттарын шашау шығармай, көздің қарашығындай сақтағанына іштей қуанып қалдық. – Әкем мен шешемді мен ата-әже деп өстім. Үш жасымда орысы көп «Кривощеково» кең­шарында тұратын Есләм ағата­йым …

ПОЭЗИЯ ТАБЫСТЫРҒАН ЕГІЗ ЖҮРЕК Read More »

ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЛСЕ — ТАБЫС

Елде 55 млрд. тонна өндірістік қалдық жиналып қалған. Алайда былтыр оның 11 пайызы ғана өңделген. Ал өркениетті елдер мұндай қалдықтың 70-80 пайызын кәдеге жаратып жүр. Бұл қалдықтар бағалы металлға бай. Мыс пен жез, алтын мен күмісті көптеп өндіруге мүмкіндік мол. Жыл басында Үкіметте тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланып, қалдықтарды …

ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЛСЕ — ТАБЫС Read More »

ГРАНТҚА ТҮСУ МҮМКІНДІГІ МОЛ

20 маусымнан бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте университет мамандары жоғары оқу орнына қалай түсуге болатынын және биыл бөлінген гранттар жөнінде айтып берді. Мамандардың айтуынша, жаңа оқу жылында еліміз бо­йынша жоғары білім алуға 79 000-нан астам білім гранты бөлінбек. Осыған орай М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетінде қос …

ГРАНТҚА ТҮСУ МҮМКІНДІГІ МОЛ Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ҚАТАҢ ТӘРТІП

Сағат таңғы жеті. Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауда­ны, Пресновка ауылында Ресей Федерациясы шекарасынан 12 шақы­рым жерде орналасқан «Жамбыл» шекара заставасында тұрмын. Қа­сымдағы серігім – шекара заставасының бастығы, капитан Азамат Маженов 1992 жылы 20 сәуірде Түркістан облысы, Леңгір қаласында дүниеге келген. 10 жылдық тәжірибесі бар шекарашы мені бөлімше ау­мағымен жүргізіп, заставаның тарихы туралы әңгімелеп берді. …

ШЕКАРАДАҒЫ ҚАТАҢ ТӘРТІП Read More »

САУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ – СУДА ЖҮЗУДЕ

Спорт – саламатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Соның ішінде жүзу – жан-жақты дамуға ықпал ететін, адам ағзасына пайдасы мол әрі әлемдік деңгейде сұранысқа ие спорт түрі. Ол денені шынықтырып қана қоймайды, өмірлік маңызды дағдыны да қалыптастырады. Жүзуді тек спорт деп қарастыру жеткіліксіз. Ол – қауіпсіздік дағ­дысы. Жаздың қапырық, ыстық күндерінде адамдар өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жина­лады. …

САУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ – СУДА ЖҮЗУДЕ Read More »

ТЕҢ НӘТИЖЕМЕН ТҮЙІНДЕЛГЕН ТЕКЕТІРЕС

«Қарасай» стадионында өткен Қазақстан кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі тартысты ойын жанкүйерлердің зор қызығушылығын тудырды. Алаң иелері – «Қызылжар» мен шымкенттік «Ордабасы» командалары арасындағы матч 0:0 есебімен аяқталды. Ойын басталысымен-ақ қос тарап та сақтықты серік етіп, қорғанысты басты назарда ұстады. «Қызылжар» ко­мандасы өз алаңында жанкүйерлерін қуантуды көздегенімен, қарсылас шебін оңайлықпен бұза алмады. Ал «Ордабасы» тәжірибелі ойыншылары …

ТЕҢ НӘТИЖЕМЕН ТҮЙІНДЕЛГЕН ТЕКЕТІРЕС Read More »

МАРҒАСҚА АҚЫН, МАҢҒАЗ ЖЫР

Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туған күнін­де жыл сайын Қызылжарда ақын шығармашылығына арналған респуб­ликалық байқау өтеді. Биыл да әр өңірден іріктеліп келген өрендер қа­ламгердің туған өлкесінде бас қосты. Жас дарындарды айтулы доданың ашылуымен облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұраға­нова құттықтады. – Осымен 22-ші рет Мағ­жан оқулары дарынды оқушы­лардың басын қосып отыр. Қа­тысушылар уақытын тиімді …

МАРҒАСҚА АҚЫН, МАҢҒАЗ ЖЫР Read More »

БАЛАЛАР ҮЙІ АШЫЛАДЫ

Еліміз бойынша 20 жүкті әйел түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатыр. Олардың бәріне ортақ бір ғана балалар үйі бар. Мекеме Алматы облысын­дағы Жауғашты елді ме­кенінде орналасқан. Енді осындай орын облыс аумағындағы әйелдер колония­сында бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – ана мен нәрес­тені бір-бірінен ажыратпау, яғни шақалақ үш жасқа дейін анасы­ның жанында болады. «Онда сәбилердің толыққан­ды өмір …

БАЛАЛАР ҮЙІ АШЫЛАДЫ Read More »

ТОҒЫЗ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Тайынша ауданының Ильичев­ка ауылындағы («Тайынша Май» ЖШС аумағында) газ жинағышта жарылыс болып, сол маңда тұрған Volvo маркалы газ таситын көлік өртке оранды. Салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, сегізі аурухана­ға жатқызылған. Оқыс оқиға орнына өрт сөнді­рушілер, полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жедел жетіп, бірлескен күштің арқасында өрт тез арада өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері мен …

ТОҒЫЗ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Read More »

ОҢАЙ АҚША ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Өңірде бес ай ішінде 27 тұрғын ақша­сын «инвестицияға» салып, алаяқтарға алданды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ақшаны көбейту», «инвестиция» және тез табыс табуды уәде ететін өзге де ин­тернет-алаяқтық схемалар соңғы кезде белең алған. – Әлеуметтік желілерде жеңіл жолмен табыс табу туралы жарнамалар жиі кезде­седі. Жарнамадағы сілтемеге өткен соң, алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін инвестициялық …

ОҢАЙ АҚША ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ Read More »

ӘЛЕУЕТ МОЛ, ӘРЕКЕТ КЕМШІН

2025 жылдың алғашқы бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Өңірде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда саласында өсім байқалғанымен, кейбір аудандар артта қалған. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 70 миллиард теңгені құрап, 7,5 пайызға артқан. Жиында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселесі де сөз болды. Өңір …

ӘЛЕУЕТ МОЛ, ӘРЕКЕТ КЕМШІН Read More »

ЖҰМЫСШЫ МАМАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК

Уақыт алға жылжыған сайын жұмысшы мамандықтарына сұраныс та, талап та артып келеді. Тіпті мемлекеттік деңгейдегі өзекті мәселенің біріне айналды десе де болады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, елімізде еңбекке қабілетті адам саны ша­мамен 9,6 млн. болса, 2,3 млн.-ға жуығы – жұмысшылар. Бұрындары кәсіптік-техникалық училище деп аталып келген оқу орындарында көбіне ауыл шаруашылығы саласының мамандары даярланып, …

ЖҰМЫСШЫ МАМАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК Read More »

ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ

 Облыс орталығында полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға сала қызметкерлері мен ардагерлері, тәртіп сақшыларының отбасы мүшелері қатысты. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов саладағы оң өзгерістер туралы баяндады. – Полиция қызметкерлері елдің ты­ныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Қылмыспен күрес жолында кешенді жұмыстар атқарылуда. Полицияда қызмет ету аса жауапты әрі қауіпті, сонымен бірге игілікті …

ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ Read More »

ТӨЛ БАСЫЛЫМ– ТӨРДЕ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында биыл 105 жылдығын атап өткен облыстық «Soltustik Qazaqstan» газеті де бар. Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралда­рының қызметкерлері күнімен құт­тықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті. – Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің ара­сында көпір болып …

ТӨЛ БАСЫЛЫМ– ТӨРДЕ Read More »

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Өңірде 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Осыған орай құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтіп, өңірдегі инклюзивті білім беру мәселелері қаралды. Облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Елена Балтинаның айтуынша, қазіргі таңда аймақта ерекше балаларға арналып 6 мектеп-интернат, бір арнайы балабақша-мектеп-интернат жұмыс іс­теп тұр. Сонымен қатар 3 психология­лық-медициналық-педагогикалық кон­сультация, 15 психологиялық-педагоги­калық түзету кабинеті мен бір …

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА Read More »

«АРАБЕСК» АЛҒАН АСУ

«Арабеск» үлгілі би ансамблі Алматыда өткен халықаралық байқаудан жетістікпен оралды. Жас бишілер 51 жүлделі орын, ақшалай сыйлықтар мен жеңімпаз атағын олжалаған. Оларды туған-туыстары мен достары үлкен қуанышпен қарсы алды. – Бұл сапар оңай болған жоқ. Жол ұзақ болса да балалар ұйымшылдық танытып, жақсы нәти­же көрсетті. Бірінші күні көрермендерге 26 би нөмірін ұсындық. Байқау қорытындысы бойын­ша …

«АРАБЕСК» АЛҒАН АСУ Read More »