Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 2,6 млрд теңге көлемінде бір реттік материалдық көмекпен 216 мың зейнеткер қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне арналған айлық басталады. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді.
https://egemen.kz