Облыста травматикалық оқ-дәрілермен атылатын ұңғысыз газды тапаншаларды ақылы түрде тапсыру республикалық акциясы жүргізілуде. Жыл басынан бері полицияға 238 қару тапсырылған. Оның ішінде 101 травматикалық ұңғысыз, 135 газды-травматикалық қару бар.
Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы қару айналымын қадағалау мен тіркеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Құрман Мусиннің айтуынша, акция барысында полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапаншасын тапсырғандар саны жалпы есепте тұрған аталмыш қару иелерінің 45,2 пайызын құраған. Тапсырылған 201 қарудың техникалық жағдайы қаралып, оның иелеріне 9 446 926 теңге көлемінде сыйақы белгіленген және ол қару тапсырған адамдарға табысталуы үшін облыстық ішкі істер департаментіне жіберілген.
Республикалық акция жыл соңына дейін жалғасады.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.