«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

30 БАЛА АУРУ ЖҰҚТЫРДЫ

Өңірімізде 30 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы өткізген брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлім етті.

COVID-19 ауруымен байланысты жағдай туралы айтылған соңғы брифингтен бері мектеп оқушылары арасында инфекция жұқтырғандар саны өзгерген жоқ. Оқу жылының басынан бері індетпен ауырған 30 бала тіркелді. Олардың жартысы қашықтықтан білім алған. «15 оқушы сабаққа барып жүрген 10 мектепте эпидемиологиялық тәртіп орнатылды. Соның ішінде 7 білім ошағында – 1, екеуінде – 3 және біреуінде 2 бала сырқаттанып қалған. Олардың қатарынан 4 баланың бұрын ауырған адамдардан вирус жұқтырғаны анықталды. Қазір карантин шаралары тоқтатылып, сабақтар қайта өткізіле бастады», – деді Татьяна Горлова. Сырқат балалардың барлығы амбулаторлық жағдайда ем алған. 12-сі аурудың жеңіл, 18-і симптомсыз түріне шалдыққан. Бірде-бір мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған жоқ.
Мектеп оқушыларының қарым-қатынас жасаған ортасы белгілі болған. 171 адамның 167-сінде ауру расталған жоқ. Қалған төртеуінде сараптама оң нәтиже көрсетті.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp