Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен “Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!” акциясын өткізуде. Акция барысында қатысушылар телефон нөміріне төленетін 5 мың теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болуда. Оның жүлде қоры 3 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, компьютер кездейсоқ санды таңдау арқылы анықтаған жеңімпазға басты сыйлық – автокөліктің кілті табысталады. Бүгінге дейін 65 қатысушының жеке телефон теңгеріміне 5 мың теңгенің бірлігі жіберілді.
21 тамыздан 30 қарашаға дейін созылатын акцияға онлайн-БКМ түбіртегін ұсыну арқылы тауарды немесе қызметті сатып алуды растаған ел азаматтары қатысады. Ұтыс ойынының шарты бойынша сауда орындарында сатып алынған тауар чегінің суретін “Wipon” қосымшасы арқылы департаментке жіберуі керек. Бұл қосымшаны “App store” және “Play market” дүкендерінен жүктеуге болады. Егер сатушы тауардың түбіртегін бермеген жағдайда, бейнетіркеу арқылы департамент мамандарына бұзушылықтар туралы шағым жібереу мүмкіндігіне ие. Қосымша ақпаратты 8(7152) 50-00-64, 46-45-65 телефондары бойынша, департаменттің www.sko.kgd.gov.kz сайтынан және “Instagram” әлеуметтік желісіндегі “dgdsko” парақшасынан білуге болады. Акцияның облыстық кезеңі қараша айының соңына дейін жалғасады. Ал республикалық шара жеңімпазы жыл соңында анықталады.
Сурет https://ppt-online.org сайтынан алынды.