Облыс полицейлері мобильдік байланыс көмегімен ашық диалогқа шығу арқылы тұрғындармен жұмыс жүргізудің жаңа түрін сынақтан өткізді.
Әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін сұрақтар көрсеткеніндей, тұрғындарды жол белгілері мен таңбаларын, бағдаршамдар орнату және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты мәселелер толғандырады. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы кезінде әкімшілік полиция басқармасының телефоны, оның ішінде «WhatsApp» қосымшасы арқылы «Тікелей желі» ашу туралы шешім қабылданды.
Петропавл қаласының жүргізушілері Ярослав Гашек пен Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысынан көлікпен қалай өту қажет деген сұрақпен «Тікелей желіге» жүгінді. Полиция қызметкерлері осы көшелердің қиылысында жүргізушілер жолдың қарсы бөлігіне шығып, жол ережелерін бұзатындықтан оның өзекті мәселеге айналып отырғанын айтады.Оған әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы полиция майоры Сергей Брыксин жауап берді. «Тікелей желіге» келіп түскен барлық ұсыныстар қаралды, олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.