«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

#ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желі қолданушыларының белсенділігі артқаны байқалады. Осы жайт ескеріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатын іске асыру ісі жаңа ақпараттық талаптарға бейімделуде. Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.

Енді әр жұмыс күні сайын сағат 11.00 мен 12.00 аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары еліміздің барлық өңірлерінде халықпен байланыс жасау үшін «тікелей эфирге» шығады. «Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарды көтермелеу шаралары, хабардар етушілерді қорғау және т. б. ақпараттар ұсынылмақ. Сонымен қатар арнайы мониторингтік топтар мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері де өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Эфир барысында әлеуметтік желі қолданушылары агенттік қызметі туралы сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын білдіре алады.
Тікелей байланыс агенттіктің аумақтық департаменттерінің «Facebook», «Instagram», «Youtube» сияқты танымал әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізіледі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp