«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Bek Air» клиенттерге тағы 33,8 млн теңге қайтаруы тиіс

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің “Бек Эйр” АҚ әуе акомпаниясына қатысты тоқтатылған рейстерге билеттер құнын қайтару туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.

 

ТҚҚК 535 адамның мүддесін қорғады, талап сомасы 33,8 млн теңгені құрады.
Бір күн бұрын прокурор ТҚҚК “Бек Эйр” әуе компаниясына қатысты талаптарын қолдады.
Бұған дейін, 2020 жылдың 15 және 26 қазанында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы “Бек Эйр” АҚ-ның шағымдарын қанағаттандырусыз, ал бірінші сатыдағы сот шешімдерін өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, ТҚҚК “Бек Эйр” компаниясына қарсы бірінші және екінші талаптары бойынша сот шешімдері заңды күшіне енді. Әрі қарай қаражатты қайтаруды жүзеге асыру “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылатын болады, бірақ мерзімді айыппұлдар туралы атқарушылық құжаттарды, сондай-ақ заңнамалық актілерде орындаудың басқа мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда (Заңның 39-бабы) сот орындаушыларының сот шешімдерін орындауы атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі айдан аспауы керек.
“Бек Эйр” әуекомпаниясының клиенттерінен шағымдардың күн сайын түсуіне байланысты, ТҚҚК сотқа төртінші талап арызбен жүгінбекші.
Жалпы, ТҚҚК уәкілетті орган ретінде қазақстандықтарды қорғауды жалғастырады және тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектеседі.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp