САУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ – СУДА ЖҮЗУДЕ
Спорт – саламатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Соның ішінде жүзу – жан-жақты дамуға ықпал ететін, адам ағзасына пайдасы мол әрі әлемдік деңгейде сұранысқа ие спорт түрі. Ол денені шынықтырып қана қоймайды, өмірлік маңызды дағдыны да қалыптастырады. Жүзуді тек спорт деп қарастыру жеткіліксіз. Ол – қауіпсіздік дағдысы. Жаздың қапырық, ыстық күндерінде адамдар өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. …