«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІ

Қарбаласқа толы оқу жылы артта қалып, үш айлық жазғы демалыс басталды. Жаз – тек ойнауға, серуендеуге ғана емес, күтпеген қауіп-қатерлерге де жол ашатын уақыт. Сондықтан ата-аналар мен тәртіп сақшыларының міндеті – балалардың демалысын қызықты әрі ең бастысы, қауіпсіз етіп ұйымдастыру. Биылғы жазда балаларды қамтитын демалыс түрлерінің мазмұны кеңейіп, түрлі әлеуметтік санаттағы оқушылардың ерекшеліктері ескеріліп, олардың …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІ Read More »

ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ

Астанада мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде …

ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ Read More »

ТАРТЫСТЫ ОЙЫН, ТЕҢ НӘТИЖЕ

Өткен жексенбі Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызылжар» командасы мен семейлік «Елімай» арасында тартысты футбол матчы өтті. Ойын басталғаннан-ақ екі команда шабуылға иек артты. Бірінші таймда алаң иелері басым көрінді, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде шабуылшы Андрей Ульшин есеп ашты. «Елімай» ойыншылары да қарап қалмай, екінші таймда қарқынын үдете түсті. Қонақтар сапынан Никита Корзун таразы …

ТАРТЫСТЫ ОЙЫН, ТЕҢ НӘТИЖЕ Read More »

АУЫЛДЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЙРЕТКЕН МАЙДАНГЕР

Біздің әкеміз Қаратай Әбілеұлы Аблин Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты (бұрынғы Ленин ауданы) Қарағай ауылында 1925 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Әке мен шешеден ерте жетім қалған. Ағасы Елубай екеуі бірін-бірі жетектеп, нағашы жұртын паналап өскенін әкем айтып отырушы еді. 1941 жылы ағасы Елубай, 1943 жылы 18 жасында әкеміз соғысқа аттанған. Забайкалье фронтының 1917 …

АУЫЛДЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЙРЕТКЕН МАЙДАНГЕР Read More »

«Басыма қонған бағым еді»

Облысымыздың құрметті азаматы, жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменов бір кездескенімізде: «Самрат, есімі аталмай кеткен Октябрь Әлібек деген азамат болған-ды. Мүмкіндік туып жатса, қаламгер атаңның атын асқақтатып, жерлестеріміздің есіне салып қойсаң, сауапты іс тындырар едің», – деп бағыт сілтеген еді. Сұрастыра келе, қала іргесіндегі Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында тұратын Теңдік деген қарындасының баласы Дулат Наурызбаевты тауып, одан жақсының …

«Басыма қонған бағым еді» Read More »

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ресей Федерациясының Қорған облысының шекарасына дейінгі республикалық автожолды қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді. Жоба созылып кеткендіктен, ендігі міндет – жөндеуге қарқын қосу. Жаңа мердігер қызу жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін көліктер жаңа жол арқылы қайта жүйтки бастамақ. Бұл шекара маңындағы өңірлерді байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналып, логистика мен туризмнің дамуына серпін …

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР Read More »

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС

«Жолдың жайын жолаушы біледі» демекші, алыс-жақын жолға шыққанда даладан да қолайлы жағдай іздейміз. Бұл қалауымыз орын­ды. Өркениетті ел боламыз десек, қайда жүрсек те табиғи қажеттіліктерімізді қанағаттандыратын сервистік жағдай жасалуы керек. Осы мәселенің көтерілгеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Жос-пар бар, жүзеге асыру тетіктері нақтыланған. Дегенмен ойдағы істің өнбей тұрғанына жолға шыққанда көз жеткізесің. Жол бойындағы сервис …

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС Read More »

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Кезекті оқу жылы аяқталды. Білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, оқушылар мектеппен қоштасып, түлектер жаңа өмірге қанат қаққан сәт туды. Биыл 25 мамыр жексенбі – демалыс күніне тұспа-тұс келгендіктен, әр мектеп соңғы қоңырауды өздері таңдаған жұмыс күндері өткізді. Өткен оқу жылында облыс аумағында 444 мектеп жұмыс істеп, онда 73 996 оқушы білім алған. Олардың 3642-сі – …

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ Read More »

ӘЙЕЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Петропавл қаласында «Гендерлік теңдік – қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, ұмтылыс, трансформация» тақырыбында ауқымды республикалық форум өтті. Бұл форум – гендерлік теңдік мәселесін кеңінен талқылауға арналған маңызды алаң болғандықтан, оған түрлі саланың 300-ден астам өкілі қатысты. Форум аясында қатысушылар облыстық перинаталдық орталық жанындағы 2024 жылы ашылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығына барды. Орталық 3 жасқа …

ӘЙЕЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ Read More »

ТАТУ КӨРШІ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған облыстың ресми және іскерлік делегациясы Ресей Федерациясының Қорған облысында болды. Іссапар Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев пен Қазақстанның Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Жарас Мамутбековтің қолдауымен жүзеге асты. «Еліміз бен көршілес мемлекеттің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық нығая түсуде. Соңғы бес жылда облысымыз бен көрші ел арасындағы тауар айналымы …

ТАТУ КӨРШІ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу тек мемлекетке жүктелген міндет деген ұғым біртіндеп өзгеріп келеді. Қайырымдылық пен бизнестің арасына шекара қойған бұрынғы көзқарас әлсіреп, оның орнына жаңа әрі өзекті ұғым – «әлеуметтік кәсіпкерлік» келді. Табыс табудан бұрын, адам тағдырына алаңдайтын, қоғамның әлсіз тобына көмектесуді мақсат тұтатын жаңа буын кәсіпкерлер өңірімізде де пайда бола бастады. Әлеуметтік кәсіпкерлік …

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ? Read More »

АҚША БОПСАЛАҒАН БЛОГЕРЛЕР СОТТАЛДЫ

Петропавлда «Magnum» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған екеу алдағы жеті жылын түзету мекемесінде өткізеді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, айыптау үкiмi алқабилердің қатысуымен шығарылды. Петропавл қалалық сотының үкімі заңды күшіне енді. Облыс орталығының екі тұрғыны «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді әлеуметтік желілерде жариялап, сауда желілерінің иелерінен ақша бопсалады деп айыпталды. Олар ұялы телефондарға меншік иелерінің мүдделеріне зиян келтіру …

АҚША БОПСАЛАҒАН БЛОГЕРЛЕР СОТТАЛДЫ Read More »

«ХАН МЕН ПАТША ҚАМАЛЫН ЕТТІҢ ОЙРАН»

Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында тарих төріне көтерілген қазақ батырларының бірі – Қожық Мақашқажыұлы. «Қожық ұры», «Қожық қары», «Қожық жауыз» деген дақпырт атақ жылдан-жылға, ауыздан-ауызға жетіп, ақиқаты мен аңызы аңызғақ желдей халықтың жадында алакөбең күйде сақталды. Бірақ сол сұрапыл заманның салымын шала білген, айбынды мінезімен ғана емес, көкжиегі кең ақылымен болашақты меңзей алған адамдар болды …

«ХАН МЕН ПАТША ҚАМАЛЫН ЕТТІҢ ОЙРАН» Read More »

КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

Күні кеше Германияның Лецпциг қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтті. Жаһандық жарысқа 32 елден 900 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Германиядағы байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктеліп келген үздік каратэшілер қатысты. Аталған жарысқа барған солтүстікқазақстандық Мөлдір Қайролла қарсыластарын қоғадай жапырып, күміс жүлдені еншіледі. Алқатерек ауылында дүниеге келген жас спортшы бала кезінен каратэмен шұғылданады. Жаттығуға …

КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ Read More »

ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОНЖЫЛДЫҚ

Ғалымдар ұзақ жылдар бойы адам тұлғасы қай кезеңде қалыптасады деген сұраққа жауап іздеумен келеді. З.Фрейд адам болмысы 13-14 жасында қалыптасып болады десе де бүгінгі зерттеулер басқаны көрсетіп отыр. Шетелдік мамандар адам 20 мен 30 жас аралығында өзінің өмір жолын анық айқындап, маңызды қадамдар жасайтынын айтады. Бұл аралық адам өміріндегі ең маңызды онжылдық саналады. Оның қалай …

ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОНЖЫЛДЫҚ Read More »

ҚҰРЫШ САУЫТТЫ ПОЙЫЗ

Фашистік Германияның кеңес одағына соғыс ашуы күтпеген жағдай болғаны белгілі. Батыс шекарасының ен бойында таңғы сағат төрттен бастап ұрыс қызып, жау ел шетіне ендеп кіріп жатқанда ештеңеден қаперсіз Мәскеудегі Бүкілодақтық радио сағат жетіде күндегідей таңғы гимнастика, одан кейін алдағы егін орағына дайындық, кәсіпорындар туралы жаңалықтар беріп жатқан. Бұл кезде Оңтүстік-батыс майданында шегініс басталып, аса қиын …

ҚҰРЫШ САУЫТТЫ ПОЙЫЗ Read More »

АНАТОЛИЙ ШАЛОВ НЕГЕ ҰЛЫҚТАЛМАЙ КЕЛЕДІ?

Кітап пен газет-журнал оқуға құмарлық әдетіммен Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясын парақтап отырып, 590 бетке жеткенде «Шалов Анатолий Федоро­вич, Шал ақын ауданының Көктерек ауы­лында туған. Ірі қоғам қайраткері. Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері. Экономика ғылымдарының кандидаты» деген аз сөзбен көп мағына ұқтыратын деректі ұшыраттым. Фотоға назар аударсам, өзімізбен ав­тошеберханада еңбек еткен, инженер- жабдықтаушы Николай Федорович …

АНАТОЛИЙ ШАЛОВ НЕГЕ ҰЛЫҚТАЛМАЙ КЕЛЕДІ? Read More »

СЫРҚАТ САНЫАЗАЙДЫ

Өңірімізде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын (АИТВ) жұқтырған 1400-ден астам адам есепте тұр. Облыстық АИТВ инфекциясының прафилактикасы жөніндегі орталық директорының міндетін атқарушы Айман Сыздықованың айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңіріміз бұл дертпен ауыру деңгейі жоғары топтан орта деңгейдегі топқа ауыстырылды. Алдын алу шаралары мен мамандардың жүйелі жұмысының арқасында оң көрсеткішке қол жеткізілген. – Биыл …

СЫРҚАТ САНЫАЗАЙДЫ Read More »

ЖАРНАМАДАҒЫ ҚАТЕ ЖАНҒА БАТАДЫ

Мағынасыз аудармалар, әріп қателері мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Көшелердегі жарнамалар, мекемелердің кіреберісіндегі тақтайшалар, дүкендердегі тауардың атауларының көбі стилистикалық, грамматикалық, пунктуациялық қателерге толы. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып дабыл қаққанымен, қате азаяр емес. Петропавлдағы «Мяско» ет дүкенінің маңдайшасында «Біздің дүкенде арқашан жаңа піскен ет жылқы еті қой еті сиыр еті, сондай-ақ өнделген тағамдар бар. …

ЖАРНАМАДАҒЫ ҚАТЕ ЖАНҒА БАТАДЫ Read More »

КӨПСАЛАЛЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЙМАҚ

Соңғы жылдары еліміздің сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттардың бірі – аспан асты елімен көпсалалы ынтымақтастықты нығайту. Әсіресе агроөнеркәсіп, энергетика, логистика және технология салаларында серіктестік тың серпін алуда. Солтүстік Қазақстан облысының ресми делегациясы Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясына іссапармен барып, халықаралық форумға қатысты. Бұл іссапар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің өткен жылдың қараша айында Шэньси провинциясына жасаған …

КӨПСАЛАЛЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЙМАҚ Read More »