«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

«ЖЕЛТОҚСАНЫМ ЖАСЫМАҒАН ЖІГЕРІМ»

Тәуелсіздік тарихында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының алар орны айрықша. Ұлт қамы үшін алаңға шыққан қазақтың қайсар ұл-қыздарының азап шеккен жан шырылы әлі күнге дейін санада жаңғырып тұр. Шындық іздеп шарқ ұрған жерлестеріміздің бірі – Новоишимкадағы №2 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жанар Қалиевамен әңгімелескен едік. – Жанар Кенжебайқызы,сіз …

«ЖЕЛТОҚСАНЫМ ЖАСЫМАҒАН ЖІГЕРІМ» Read More »

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

Елімізде не қымбаттамай жатыр?! Халыққа қажеттінің барлығының құны құбылып тұр. Алайда кейбір қызмет түрлерінің бағасы көтерілсе, қоғамда наразылық ушығады, ал енді біреулері елеусіз қымбаттай береді. Мәселен, қоғамдық көліктегі жолақы өссе, бұл міндетті түрде қызу талқыланады. Ал такси қызметінің құны артса, ол көп жағдайда ескерусіз қалады. Шындығына келсек, ТМД елдерінің ішінде такси қызметінің ең жоғары тарифі …

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА? Read More »

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ

Облысқа жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл жалынмен күрес үстінде ерлікпен қаза тапқан Алтынбек Әбдірахмановтың есімі берілген мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысты. Қала аумағында мұндай соңғы депо 1975 жылы пайдалануға берілген. Ал заманауи ғимарат­тың құны 2 млрд. теңгеге жуық. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы өз сөзінде …

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ Read More »

МАЙДАН ШЕБІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН

Өмірден өтсе де, көңілден өшпейтін жандар болады. Асыл адами қасиеттерімен, адамды ұршықша үйіріп әкететін мінезімен, өнегелі істерімен кейінгі ұрпаққа ұмытылмастай мирас қалдырып кеткен аға буын өкілдерінің бірі–Қожатай Некібаев ақсақал еді. Әрине, өткен шақпен сөйлеу өте ауыр. Дегенмен екінші дүниежүзілік соғыс арда­герінің балалық шақтан бастап қарттыққа дейін жүріп өткен ғұмырына көз жүгір­тетін болсақ, тарихтың жаңа парағы …

МАЙДАН ШЕБІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН Read More »

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ?

Соңғы кездері өңірімізде құстардың жаппай қырылуы тұрғындар арасында үрей туғызуда. Салдарынан дерт ошағы табылған бірқатар аудандардағы елді мекендер карантинге жабылып, ауру ошағы жойылған. Алайда мамандар құстардың құс тұмауынан емес, пастерел­лезден қырылғанын айтуда. Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін сала мамандарына жүгіндік. Биыл күзде алдымен Қызылжар ауданындағы Бугровое елді мекенінде, кейін Шаховское ауылында үй құстарының жаппай қырылып жатқандығы …

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ? Read More »

«ӨТІРІКШІ АТА-АНАНЫҢ БАЛАСЫ АЛАЯҚ БОЛАДЫ»

– Мұратбек Ғалымжанұлы, жыл басында Президенттің тап­сырмасы негізінде еліміздің бар­лық өңірінде киберқылмысқа қар­сы іс-қимыл басқармасы құрыл­ған болатын. Осы мекеменің жұ­мысына кеңірек тоқталып өтсеңіз. Мамандар өршіп тұрған кибер­қылмысқа қарсы қандай шаралар қабылдауда? – Киберқылмыстың көбеюі біздің елімізді ғана емес, дүние­жүзін алаңдатып отыр. Мұның негізгі себебін цифрлық техно­логияның, ЖИ-дің қарқынды дамуымен байланыстырамыз. Қылмыстың бұл түрін тұсаулау үшін …

«ӨТІРІКШІ АТА-АНАНЫҢ БАЛАСЫ АЛАЯҚ БОЛАДЫ» Read More »

КӨПІРДЕ КЕМШІЛІК БОЛМАУЫ ТИІС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі темір жолдың үстімен салынып жатқан көпір құрылысының барысын тексерді. Бүгінгі таңда жол өт­келінің қаңқасы дайын. Сонымен қатар үйінді қабатын қалыптастыру, тіреу қабырғасын орнату, суағар жүйесін құру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бастапқыда құрылыстың аяқталуы осы жылдың соңына жоспарланған бола­тын. Алайда бас мердігердің жауапсыздығы мен заңнама нормаларын бұзуы салда­рынан қалалық әкімдік келісімшартты …

КӨПІРДЕ КЕМШІЛІК БОЛМАУЫ ТИІС Read More »

ТУРАШЫЛ ТҰЛҒА

Баяғы батыр бабаларымыз жауды жеңіп, Есіл бойына ел қондырғанда алғашқы қазығы қағылған қоныстардың бірі Есіл ауданындағы Өрнек ауылы. Аядай ғана елді мекендегі шыр етіп дүниеге келген перзенттерді еске алсақ ойымызға оралатыны – Ермек Құсайынов. Маңдайының соры бес елі екен оның: туа сала аштыққа тап болды, бала болып ойын қуа бастағанда соғыстың кесапатын көрді. Әкесі Құсайын …

ТУРАШЫЛ ТҰЛҒА Read More »

БІЛІМ САЛАСЫ ЖИ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Тың технологиялар дәуірінде білім беру саласын да күрделі өзгерістер күтіп тұр. Білім берудегі дәстүрлі ұстанымдар қайта қаралып,мектеп мұғалімдеріне жаңа міндеттер жүктелуде. Алдағы бірнеше жылда мектептерге ЖИ дендеп еніп, білім беру мен тәрбиенің жаңа тәсілдері қолданысқа енгізілмек. Бұл өзгерістердің бәрі – ата-аналар мен сала қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отырған тақырып. Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова газет …

БІЛІМ САЛАСЫ ЖИ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ Read More »

ҚАЗ ӨСІРГЕН ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

«Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай саяси ұйымның облыстық филиалы «Жаңажылдық қаз» фестивалін ұйымдастырды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен іс-шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ауқымды мерекелік іс-шара фермерлік өнімдер, қолөнер бұйымдары мен тағамдар жәрмеңкесімен, сондай-ақ этно-фольклорлық ұжымдардың өнерімен ажарлана түсті. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова жиналған қауымға бұл көктемде өткен «Auyl Fest. Қаз …

ҚАЗ ӨСІРГЕН ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ Read More »

«ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Астанада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары жалғаса беретінін айтты. «Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. …

«ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ Read More »

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР

Жасанды интеллект, жаңа технологиялар, ақпа­раттың көптігі мен жылдамдығы үдеп бара жат­қан өмір ағысы балалардың жүйкесіне де салмақ түсіруде. Ертегі айтып беретін әжесі, сабақ оқуға көмектесетін ата-анасы, аулада доп тебісетін қатарласы жоқ балалар ес білген шағынан бастап жалғыздықта өмір сүруде. Ақыр соңында бұл олардың оқу үлгеріміне, зейініне, мектептегі қа­рым-қатынасына, тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететіні анық. …

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР Read More »

«ЖАНЫҢА ЕМ ІЗДЕСЕҢ, ТЕАТРҒА БАР»

– Баатырбек Рысқұлұлы, біздің қоғам қазақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінетіні жасы­рын емес. Сіз алғашында қазақ театрында жұмыс істедіңіз. Қазір орыс театрының дамуына үлесіңізді қосып жүрсіз. Көрші өңір – Қоста­найдың облыстық театрында да өз қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Өнерде шынымен шекара жоқ екеніне көз жеткіздіңіз бе? – Иә, өнерде ешқандай ше­кара жоқ. Мен Қырғызстаннан келіп, …

«ЖАНЫҢА ЕМ ІЗДЕСЕҢ, ТЕАТРҒА БАР» Read More »

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР

«Алло, сіздің есіміңіз Амангелді ме?». Өз атын бейта­ныс жанның аузынан естіген Амангелді ақсақал «Иә» не «Жоқ» деп жауап берерін білмей, үрейлі көзбен маңа­йын бір шолып өтті де, тұтқаны тастай салды. Арада сүт пісірімдей уақыт өткен жоқ, қалта телефоны тағы да бе­зектеп қоя берді. «Алло, сіз Амангелдісіз бе?» – деп сұра­ды тұтқаның арғы жағындағы жан. Ақсақал …

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР Read More »

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасап, өңірдің 10 айдағы даму нәтижелерін қорытынды­лады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 13 пайызды құ­рап, ақ қайыңдар өлкесі ел бойын­ша бесінші орынға тұрақтаған. Аталған кезең ішінде ауыл шаруашылығында 9,3, өнеркәсіпте 19,1, құрылыста 30,1, тұрғын үйді пайда­лануға беруде 3,9, инвестиция тар­ту ісінде 7,3 пайыздық өсім …

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР Read More »

С. Сәдуақасов мақалалары

Алаш қайраткерлерінің осыдан бір ғасыр бұрын атқарған істері қазір өз жемісін беріп жатқандай, ал айтқан сөздері әлі өзектілігін жойған жоқ. Мәселен, сол кезде Омбыда оқып жүрген Смағұл Сәдуақасұлының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы идеясы қазір ауылдарды сақтап қалудың бір жолы ретінде ұсынылуда. Жаңа әрі әділетті Қазақстан құрып жатқан біздің билік Алаштың арда ұлының ескі мен …

С. Сәдуақасов мақалалары Read More »

ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЕАТР ТОЙЫ

Теріскей өңіріндегі қазақ өнерінің қасиетті қарашаңырағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театрының шымылдығы алғаш түрілгелі бері 25 жыл өтіпті. Өнер ордасы­ның ширек ғасырлық тойына орай Қызыл­жарда бірқатар іс-ша­ра ұйымдастырылып, жұртшылық мерекелік кешке куә болды. Театр тойына жиналғандар ал­дымен руханият ордасына есімі берілген Сәбит Мұқановтың ру­хына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Qyzyljar Creative Center»-де …

ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЕАТР ТОЙЫ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы елді мекендерді өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындап, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономика­лық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы бұл жиынға еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері арнайы шақырылғанын атап өтті. – Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА Read More »

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дү­ниеге келгеніне 140 жыл толды. Туған күніне орай Қостанай облыстық халық шығармашы­лығы орталығы ұйымдастырған «Рухқа толы жалын жырлар» атты республикалық ақын­дар мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты. Сөз сайысында бақ сынаған ақындар Алаш арысының өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, бай шығармашылық мұрасын жырға қосып, Міржақып Дулатұлының өлең­дерін …

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар — Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Бейжің қаласында осы елдің ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды. Сапар барысында …

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР Read More »