«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы елді мекендерді өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындап, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономика­лық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы бұл жиынға еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері арнайы шақырылғанын атап өтті. – Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА Read More »

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дү­ниеге келгеніне 140 жыл толды. Туған күніне орай Қостанай облыстық халық шығармашы­лығы орталығы ұйымдастырған «Рухқа толы жалын жырлар» атты республикалық ақын­дар мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты. Сөз сайысында бақ сынаған ақындар Алаш арысының өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, бай шығармашылық мұрасын жырға қосып, Міржақып Дулатұлының өлең­дерін …

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар — Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Бейжің қаласында осы елдің ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды. Сапар барысында …

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР Read More »

ЖАНСЕБІЛ МАХАББАТ

Қазақ киносының тарихына екі се­риялы «АЛЖИР. Біз куәміз» деректі-публицистикалық және «Жансебіл» көркем фильмімен бірге «Бәйтерек», «Әнуар Молдабеков», «Жұмат Ша­нин», «Толғау» сынды тағы да басқа деректі киноленталары арқылы енген белгілі кинорежиссер, жерлесіміз Ая­ған Шәжімбаевтың есімі иісі қазаққа таныс. Қазақтың аяулы азаматының өнегелі өмір жолына тереңірек үңілу мақсатында Алматыға арнайы барып, жақсының жары Алмагүл Құлжабаева­мен әңгімелескен едім. …

ЖАНСЕБІЛ МАХАББАТ Read More »

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері түрлі салаларда оң өзгерістер орын алуда. Жаңа заман талабына сай дамып келеді. Соның ішінде бір мекеме ғана өзінің ті­келей міндетін толық атқара алмай, кері кетіп бара жатқан сыңайлы. Ол – пошта. Еңбекақылары ең төмен қызметкерлер де осы салада. Қызмет сапасының сын көтермейтініне қара­мастан тасымалдау құнын өсіруден алдарына жан салар емес. …

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ Read More »

ОЙМАҚ АУЫЗ, ҚИҒАШ ҚАС

Басы ауырып, балтыры сыздаған адамның алғашқы маңдай тірері – дәрігер. Атақты Ибн Сина өмір сүрген дәуірден бүгінге дейін арқауы үзілмей жеткен кәдімгі классикалық медицинаның игілігін көрмеген жан кемде-кем. Алайда соңғы жылдары медицинада көптеген жаңа бағыттар пайда болуда. Солар­дың бірі – эстетикалық медицинаны таңдайтындар да бар. Эстетикалық медицина – адамның сыртқы келбетін жақсартып, жас көрінуіне, сондай-ақ …

ОЙМАҚ АУЫЗ, ҚИҒАШ ҚАС Read More »

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Көрме ұйымдастырылып, өңірдің үздік кәсіпорындары өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. Өңір диқандары биылғы жылды көңіл қуантарлық көрсеткіштер­мен қорытындылап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім кө­лемі 1 триллион теңгеге жетті. …

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫ Read More »

ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ

Құлақты жарып жіберердей музыка. Ығы-жығы адам. Жарқ-жұрқ еткен жарық. Көптен бері көңілі құлазып жүрген Жантас­ты бой сергітсін деп би кешіне ертіп келгенмін. Танысқаны­мызға бірнеше жыл өтсе де ара­мыздан қыл өтпестей дос болып кеткенбіз. Студенттік кездің екі жылы артта қалыпты. Жас кезде адамның басынан не өтпейді? Бірге жүріп талай сынақты көрдік. Алдағы өмір жолында не күтіп …

ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ Read More »

ҚАЙЫРЫМСЫЗ БАЛА МЕН ҚАМҚОР ЖАН

Бұрындары қазақ үшін жер және жесір дауы күн тәртібінен түспеген негізгі мәселе болғаны белгілі. Содан бері уақыт алға озды, заман өзгерді. Алайда адамның ниетіне байланысты даудың да түр-түрі көбейді. Соның бірі – пәтер дауы. Әсіресе туғандары қарайласпай­тын жалғызілікті қарт­тардың өздеріне күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлерге жылжы­майтын мүлкін сыйлауы жиі болмаса да, аракідік кездесіп қалады. Ал оның …

ҚАЙЫРЫМСЫЗ БАЛА МЕН ҚАМҚОР ЖАН Read More »

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР

Петропавлдағы Оқушылар сара­йында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары, шаһар басшысы, жергілікті департаменттер мен басқармалардың жетекшілері қатысып, тұрғындардың сұрақта­рына жауап берді. Өңір басшысының қабылдауына келген­дердің бірі – Қызылжар ауданының тұрғыны Татьяна Климашенко. Тұрғынды өзі тұратын ауылдағы бөгет құрылысы алаңдатып отыр. Прибрежное ауылының тұрғындары бөгет құ­рылысы кешеуілдесе, көктемде үйлер су …

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР Read More »

«ЕСКЕРТКІШТЕГІ ҚОЖАБЕРГЕННІҢ БЕЙНЕСІН ТҮСІМДЕ КӨРДІМ»

– Қазыбек Қажыкенұлы, сіз есімі елге белгілі мүсіншілердің бірісіз. Сала майталмандары мүсіншілікті өнердің ең қиын түріне балайды. Өміріңізді өнердің бұл саласына арнауыңызға не себеп болды? – Адамның бала қиялын ұш­тайтын да, ақық арманына құ­рық салғызатын да туған жері, оның тұмса табиғаты болса ке­рек. Менің балалық шағым Уә­лиханов ауданында өтті. Әкем Қажыкен аудандық газетте жұ­мыс істеді, …

«ЕСКЕРТКІШТЕГІ ҚОЖАБЕРГЕННІҢ БЕЙНЕСІН ТҮСІМДЕ КӨРДІМ» Read More »

ШӘМШІНІҢ ШӘРБАТ ӘНДЕРІ

Қазақ даласының үні, кеңдігі, сұлулығы, ға­шық жүректің дүрсілі, шалқыған жастықтың сыры – осының бәрі Шәмші әндерінде шебер өрнектеліп, сазбен суреттелген. Өткен ғасырдың екінші жартысындағы ұлтымыздың музыкасын, сахнасын, мәдени өмірін Шәмші әндерінсіз елесте­ту мүмкін емес. Сыршыл сазгердің туындылары қазір де талай жүректі тербеп, тыңдарманды тәнті етіп келеді. Қазақ вальсі королінің 95 жыл­дық мерейтойына орай өнерсүйер ағайын …

ШӘМШІНІҢ ШӘРБАТ ӘНДЕРІ Read More »

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЛАР

Петропавлдың орталығында, жұрт көзінен тасалау жерде тұрған көпқабатты ғимаратты сол маңайдағы адамдар «қарттар үйі» деп атап кеткен. Ресми атауы – «Долголетие» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы». бұл мекемеде асыраушысынан айырылған, өздігінен жүріп-тұра алмайтын ондаған қария қоңырқай тірлік кешуде. Бірін-бірі алданыш тұтқан олардың тағдырлары – сырт көзге жұмбақ. Қарттар үйінің табалдыры­ғын имене аттадым. Жүректері жалғыздықтан жабырғаған, …

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЛАР Read More »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ КИНОСЫ?

Басқа да өнер түрлері секілді кино саласы да – ұлттық идеология­ның басты құралы. 1938 жылы түсірілген алғашқы толықмет­ражды «Амангелді» фильмінен бастау алған ұлттық киномотография содан бері қазақ қоғамы жүріп өткен өнегелі жолды жас буынға насихаттап келеді. Көбіміз әлі күнге дейін сүйсіне тамаша­лайтын «Қыз Жібек», «Менің атым – Қожа», «Тақиялы періште» сынды туындылар тек отандық кино …

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ КИНОСЫ? Read More »

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ –ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Астанада Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтіп, жиында агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы мәселе­лері талқыланды, соны­мен қатар салаға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапаттал­ды. Президент ауыл ша­руашылығы еңбеккер­лерін кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қажырлы еңбек­тері үшін ризашылығын білдірді. Ауыл шаруа­шылығы экономика­ның стратегиялық мәні айрықша саласы екенін атап өтті. Мемлекет басшысының …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ –ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ Read More »

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖУРНАЛИСТЕН АРТЫҚ ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ»

Не үшін депутат болдым? Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда ауқымды саяси реформалар қолға алынғанын бәріңіз білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаевтың ұсынысымен еліміздің басты заңы – Конституцияға жалпыхалықтың референдум арқылы өзгерістер енгізілді. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті, Мәжілістің де­путаттық корпусы аралас сай­лау жүйесі бойынша құрылатын болды, облыстық мәсли­хаттар депутаттарының жарты­сы партиялық тізім …

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖУРНАЛИСТЕН АРТЫҚ ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ» Read More »

АЛАШ АМАНАТЫ

1913 жылы жарық көрген «Қазақ» газетінің алғашқы санының беташар сөзінде Ахмет Байтұрсынұлы баспасөздің маңыздылығы туралы айта келіп, оның төрт қызметін көрсеткен екен. Алаш арысының айтуынша, газет – ең алдымен халықтың көзі, құлағы, тілі. Екінші – елдің жол көрсетушісі, үшінші – білім таратушы, төртінші – халықтың даушысы. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де баспасөздің …

АЛАШ АМАНАТЫ Read More »

«QYZYLJAR» ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТТІ

«QYZYLJAR» футбол клубы елімізде алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшті. Спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың активтерін жекеге беру туралы келісімге қол қойылды. Құжат «QYZYLJAR» фут­бол командасының Қазақстан футбол федерациясы­ның, FIFA және UEFA-ның қолдауымен өтетін жарыс­тарға қатысуына байланысты құқықтары мен міндеттерінің жекеге өткенін білдіреді. Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсыр­масын іске асыру …

«QYZYLJAR» ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТТІ Read More »

«ДЕМІККЕН» ДЕМОГРАФИЯ

Ақ қайыңды, астықты Қызылжар даласы көрген жанның көзін жаулап, тамсантпай қоймасы анық. Солтүстіктің шаруаға қолайлы кең шалғыны, көкжиек бойы жалғасқан орман-тоғайы, балығы тулаған өзен-көлі, түгін тартсаң майы шығатын топырағы жұмыстың ебін тапқан адамды табысқа шығарып, өрге бастайтыны анық. Алайда сырт көзге тұрмысқа жайлы, берекелі болып көрінгенімен теріскей өңірдің де шешілмей келе жатқан мәселелері аз емес. …

«ДЕМІККЕН» ДЕМОГРАФИЯ Read More »

МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Орал қаласында Қазақстан-Ресей арасындағы ХІІ Халықаралық аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. Дәстүрлі жиын «Кәсіби мамандықтар – экономкалық өсудің қозғаушы күші» тақырыбына арналды. Екі елдің Мемлекет басшылары форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс режімі арқылы қатысып, сөз сөйледі. Алқалы басқосуда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының гу­бернаторы Виталий Хоценко 2025-2028 жылдарға ар­налған іс-шаралар жоспарына қол қойды. …

МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ Read More »