«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ – ӘЙЕЛ

Жыл сайын көктемнің алғашқы шуақты күндерін қыз-келіншектерді құттықтап, сый-сияпатқа бөлеуге арнаймыз. Бұл күні әркім өзіне қымбат жандарға көңіл бөліп, күндегіден бөлек қуантуға тырысады. Қазіргі әйел тек бесік тербеткен ана ғана емес, сан саланың тізгінін ұстаған білікті маман, ұлағатты тұлға, іскер басшы, табысты кәсіпкер ретінде биік белестерді бағындырып жүр. Мерекеге орай осындай жандардың басы салтанатты жиында …

ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ – ӘЙЕЛ Read More »

«АЙНАЛАЙЫН» ДЕЙТІН АТА-АНА АЗ

Адамның тілі мен мәдениеті — бір-бірімен тығыз байланысып жатқан ұғымдар. Мәдениет тілді қалыптастырса, тіл мәдениеттің басты шарты болып саналады. Қысқаша айтқанда қандай да бір ұлттың тұрмысы, наным-сенімі, салт-дәстүрі тіл арқылы кодталып, ұрпаққа жетеді. Кейін аталған жоралғылар ұмыт болған күннің өзінде оның белгілері сөздік қорда қала береді. Осылайша әр адам тіл арқылы өз мәдениетін таниды. Әр …

«АЙНАЛАЙЫН» ДЕЙТІН АТА-АНА АЗ Read More »

БАЛАҒА КЕРЕГІ — ҰЛТТЫҚҚҰНДЫЛЫҚ

Өңірімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында республикалық семинар өтті. Бұл шара білім беру саласында тәрбие жұмысын кешенді жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылауға арналды. Семинарды Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы және Әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 120- дан астам делегация …

БАЛАҒА КЕРЕГІ — ҰЛТТЫҚҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

НАЙЗАҒАЙ-ҒҰМЫР

Қызметте жүргенде, «Шіркін, зейнет демалысына шығып, қым-қуыт қарбаласқа толы күндерден іргемді аулақ салсам, жазуымды жазып тыныш отырар едім» деп ойлаушы едім, бәрі бекер екен?! Күйбең тіршілік. Жұмыс көбеймесе, азаяр емес. Сәрсенбінің сәтінде солардың бәрін ысырып тастап, жазу үстеліме отырдым. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», өзім жақсы білетін, көзі тірісінде араласқан аяулы азамат Қуандық Ишанғалиұлы Қасымов …

НАЙЗАҒАЙ-ҒҰМЫР Read More »

«ТҮБІНДЕ БАРЛЫҚ АҚЫН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІНЕ ОРАЛАДЫ»

Ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Алмас Темірбайдың есімі жырсүйер қауымға жақсы таныс. «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты жыр жинақтарының авторы жуырда редакциямызда қонақта болып, ұжым мүшелерімен емен- жарқын әңгімелескен еді. Сыр-сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Алмас Қажыбайұлы, сіз соңғы …

«ТҮБІНДЕ БАРЛЫҚ АҚЫН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІНЕ ОРАЛАДЫ» Read More »

Тәжірибелі тігінші

Тігінші Светлана Шарипова осыдан 25 жыл бұрын бір ғана тігін машинасымен кәсібін бастаған екен. Уақыт өте келе олардың санын көбейтіп, жұмысшыларды қабылдап, үлкен ұжым қалыптастырды. Бес жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке ғимаратқа қол жеткізіп, кәсібін одан әрі кеңейтті. Бүгінде «Престиж» ательесінде алты адам еңбек етеді. Ательенің негізгі қызметі – кез келген күрделі тапсырыстарды орындау, …

Тәжірибелі тігінші Read More »

ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕР, САРЫ ГҮЛДЕР, АҚ ГҮЛДЕР!

Өңірімізде гүлге деген сұраныс 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еселеп артады. Қыз-келіншектердің көктемнің шуақты мерекесінде сүйікті жарларынан гүл күтетіні анық. Құлпырған қызғалдақтар, раушандар, мамыргүлдер мен лалагүлдер арулардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, қала атаулыны шырайландырып, көше біткеннің көркін кіргізеді. Петропавлда гүл өсіріп, оны сатуды табыстың кілтіне айналдырғандар аз емес. – Біз аналар мерекесіне …

ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕР, САРЫ ГҮЛДЕР, АҚ ГҮЛДЕР! Read More »

КӨККЕ КӨЗ ТІККЕН ҚЫЗ

Авиация – үлкен жауапкершілік пен дәлдікті талап ететін сала. Мұнда нәзік жандар сирек кездеседі. Жерлесіміз Айжан Ахмадиева әлемдегі ең ірі әуе компаниясы – «Emirates Airline» -де жұмыс істеп жүрген білікті маман. Мыңдаған әуе кемесінің бағытын жоспарлайтын арумен уақыт айырмашылығы, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан түнде «Zoom» платформасы арқылы тілдестік. Айжан Ахмадиева – Есіл ауданындағы Оседлое ауылының …

КӨККЕ КӨЗ ТІККЕН ҚЫЗ Read More »

ЕҢБЕГІ ЕРЛЕРДЕН КЕМ ЕМЕС

Мөлдір Жанғазиева «Петропавл электротехникалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде трансформаторларға арналған оқшаулағыш материалдарды дайындаушы болып жұмыс істейді. Ол осыдан бес жыл бұрын Оңтүстіктен – солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша Петропавлға көшіп келіп, баспаналы болған. Кейіпкерімізге облыс аумағындағы сорғы стансаларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын трансформаторларға негізгі бөлшектер әзірлеу міндеті жүктелген. Зауыттағы нәзік жандар екі ауысыммен …

ЕҢБЕГІ ЕРЛЕРДЕН КЕМ ЕМЕС Read More »

БИЗНЕСТЕГІ БҰРЫМДЫЛАР

Бүгінде әйелдер қоғам өмірінің белсенді мүшесіне айналып, түрлі салада биіктерді бағындырып, ел дамуына өз үлестерін қосып отыр. Қазіргі қазақ әйелі тек адал жар, қамқор ана, үйдің берекесін сақтаған ошақ иесі ғана емес, кәсіпте де табысқа жеткен іскер жан екенін дәлелдеп келеді. Қыз-келіншектер мемлекеттік басқару, қаржы, ғылым сияқты маңызды салаларда еңбек етіп, күш-жігерін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы …

БИЗНЕСТЕГІ БҰРЫМДЫЛАР Read More »

ЕҢБЕГІН ЕЛГЕ АРНАҒАН

Қызылжарлықтар КСРО ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, полиция полковнигі, өлкетанушы, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, марқұм Қобылан Хамзинді саналы өмірін елдің гүлденуіне арнаған азамат ретінде жақсы біледі. Жуырда облыстық ардагерлер кеңесі мүшелерінің ұйытқы болуымен ардақты жан 1977-2012 жылдары тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Шараға қатысқан аға буын өкілдері марқұмның өнегелі өмірі туралы әсерлі сөз …

ЕҢБЕГІН ЕЛГЕ АРНАҒАН Read More »

ТОҚСАН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨКТЕМ

Дәлізге кіре берістегі сыртқы қоңыраудың түймесін бастым. Арғы жақтан «Кім екен?» деген әйелдің биязы үні естілді. «Мен ғой» дедім сыралғы танысындай қаннен-қаперсіз. Бесінші қабатқа көтерілсем, межелі пәтердің есігі айқара ашық тұр. Мені ізетпен қарсы алған үй иесі таңданысымды сезгендей «Төрлет, қалқам! Кеше хабарластың ғой. Сөйлеу мәнеріңнен бірден таныдым. Адаспай табуыңа алдын ала қам жасап жатқаным»,– …

ТОҚСАН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨКТЕМ Read More »

АҚШАНЫ АЛҒАН ДА, ТАЙҒАН

Облыстық прокуратураның кезекті алқа отырысында оңтүстіктен солтүстік аймақтарға азаматтарды өз еркімен қоныстандыру бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты жұмсау кезінде заң үстемдігін сақтау мәселесі қаралды. Жиында соңғы екі жылда мемлекеттік қолдау көрсету шаралары аясында өңірге 5245 адам немесе 1636 отбасы келгені атап өтілді. Прокурорлық тексерулер қабылданған тұрғын үй бағаларын әдейі көтеру және келісімшарттық міндеттемелерді орындамау, …

АҚШАНЫ АЛҒАН ДА, ТАЙҒАН Read More »

МОЛ ӨНІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен Алматы қаласындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының мамандары бірлесіп өткізген іс-шара агросалаға заманауи технологияларды енгізу тақырыбына арналды. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Гнел Арзуманян аудандардан келген диқандарға «Кең дала — 2» жобасының артықшылықтары жайында айтып берді. Жоба аясында шаруаларға 5 пайыздық үстемеақымен несие берілуде. …

МОЛ ӨНІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ Read More »

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі қаралды. Онда экономикалық өсудің қарқынын барынша арттыру мақсатымен Үкімет нақты секторды қаржыландыруды едәуір ұлғайтып жатқаны айтылды. Кепілдік беру қоры құрылады Биыл Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн. теңгеге ұлғайтады. Бұл шара холдингке 8 трлн. теңгеге тең жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл инвестиция елдегі …

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ Read More »

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

Өңірге Түмен облыстық төтенше жағдайлар министрлігі бас басқармасының бастығы Артур Хачатрян бастаған делегация келіп, «Qyzyljar» креативті индустрия орталығында ұйымдастырылған алқалы басқосуға қатысты. Онда көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланып, нақты шаралар белгіленді. Бұдан бөлек, солтүстікқазақстандық және ресейлік құтқару мамандарының бірлескен «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жомарт Асқаров мәлімдегендей, маңызды …

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ Read More »

БАЛАБАҚША САЛЫНЫП ЖАТЫР

«Жас өркен» – заман ырғағына сай қарқынды дамып келе жатқан шағынаудандардың бірі. Мұнда көпқабатты үйлерден бөлек, бірқатар әлеуметтік нысандар бар. Бұл аумақта үш балабақша жұмыс істегенімен, сұраныс әлі жоғары. Мектеп жасына дейінгі балақайлардың саны бір жарым мыңға жуық екенін ескерсек, орын жетіспеушілігінен кезек саны көбеймесе, азаятын түрі байқалмайды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Горький көшесі бойында …

БАЛАБАҚША САЛЫНЫП ЖАТЫР Read More »

БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ КІНДІК ШЕШЕСІ

Сәбиіне «әлемнің жарығын сыйлайтын» ана мен оны аман-есен босандырып алған адам ғана толғақтың машақатын, ұрпақ сүюдің махаббатын сезінеді. Мыңдаған ананың алғысын арқалаған кәсіби маманның бірі – акушер Диана Тілегенова облыстық перинаталдық орталықта 22 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 5 мыңға жуық ананы аман-есен босандырып, сонша шақалақтың кіндігін кескен. Петропавл …

БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ КІНДІК ШЕШЕСІ Read More »

БӨГЕТТЕР БЕРІК ПЕ?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы бойынша бөгеттерді нығайту жұмыстарымен танысты. Былтырғы су тасқыны Қызылжар ауданына айтарлықтай залал келтірді. Большая Малышкада 300-ден астам үй су астында қалды. Соколовка, Большая Малышка, Вагулино ауылдары су басу қаупі басым аумақтарда орналасқан. Айтып келмейтін қауіпті барынша азайту мақсатында Есіл өзені бойында жаңа айналма канал жасалуда. Ондағы …

БӨГЕТТЕР БЕРІК ПЕ? Read More »

ӨНДІРІС АРТЫП, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында саладағы өсімге оң ықпал ететін жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Аз уақыттың ішінде жаңа экономикалық аймақ өңір дамуына қаржы тартудың орталығына айналды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер құны 305 млрд. теңгенің жобаларын жүзеге асыруға кіріскен. Соның арқасында кәсіпорындарда 3,4 мың тұрақты жұмыс орны пайда болмақ. Осы күнге дейін аймақта 28,5 млрд. теңгенің 5 …

ӨНДІРІС АРТЫП, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ Read More »