«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Құрылысшылар кеңесі

Облыстық кәсіпкерлер палатасында құрылыс­шы­лардың салалық кеңесі құрылды. “Атамекен” кә­сіпкерлер палатасының ғи­маратында кеңестің ал­ғашқы отырысы өтіп, оның құрамы белгілі болды. Бұдан былай өңірдегі ірі құрылыс компаниялары­ның өкілдері ортақ мәсе­лелерді аталған кеңесте тал­қылайтын болады. – Салалық кеңестер бизнес қауымдастық пен мемлекеттік ор­гандар арасындағы байланысқа серпін береді. Жаңадан құрылған кеңес құрылыс саласындағы өзекті түйткілдерді анықтап, кә­сіп­керлердің құқығын қорғап, …

Құрылысшылар кеңесі Read More »

Сұранысқа ие өнім

Суға аса төзімді фанера шы­ғаратын комбинат заманауи кә­сіпорын саналады. Мұнда шикі­зат ретінде қайың ағашы мен шетелдік жабдықтар қолданы­лады. Құрылысқа, жиһаз жасауға қажет шикізатты өңдейді. Қайың бөренені өңдегеннен кейін қал­ған жаңқаларынан ағаш түйір­шіктері жасалады. Облыс аумағында ламинат­талған фанер өңдейтін зауыт ая­сында ағашты терең өңдеумен ай­налысатын кәсіпорын салын­бақ. Жобаның құны – 8 млрд. тең­ге, оны түркиялық инвестор …

Сұранысқа ие өнім Read More »

БАСТЫ БАҒДАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының бизнес өкілдерімен кездесті. Ведомство басшысы ішкі на­­рықты сапасыз өнімдерден қорғау, отандық тауар өнді­ру­шілерді қолдау мемлекеттің ба­сым бағыттарының бірі екенін, жеке кәсіп жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын, әкімдіктер­мен бірлесе сауда нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Петропавл қаласында …

БАСТЫ БАҒДАР – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК Read More »

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ

“Қарызсыз қоғам” жобасы аясында білім алып, бизнес-жоспарын сәтті қорғаған Мамлютка қаласының тұрғыны Әлфия Бекчентаева қазіргі таңда бизнесін кеңейтіп, табысын екі есеге арттырған. 2021 жылдан бастап ет өнімдерін сатумен айналысып келе жатқан кәсіп иесінің бұған дейінгі орташа табысы шамамен 300 мың теңгені құраған. Кәсібін әрі қарай дөңгелету үшін шағын ғимаратты жалға алғанымен, ай сайынғы шығындары және …

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ Read More »

Жарты миллион гектар жер қайтарылды

Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясына сәй­кес жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ал меншік құқығын халық атынан мемлекет жү­зеге асырады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жер учаскелерінің меншік иеле­рі мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердің жер­ле­ріндегі …

Жарты миллион гектар жер қайтарылды Read More »

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Облыстық қоғамдық кеңесте қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант 2023 жылғы облыс бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Маманның айтуынша, ол 99,9 пайызға орындалған. Бұл – республика бойынша жақсы көрсеткіш. Басқарма басшысы әр саланы қаржыландыруға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, былтыр денсаулық сақтау саласына 11,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 5,9 млрд. теңгесі емдеу мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға жұмсалыпты. …

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ Read More »

Балабақшалардағы былық

Облыс прокурорлары балабақшаларда балалардың құқығы бұзылғандығын анықтады. Қадағалаушы органның мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау фактілері белгілі болған. Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн. теңге бюджет қаражаты ұрланған. Аудандық прокуратура “Сенiп тапсырылған біреудің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, …

Балабақшалардағы былық Read More »

Қаржыландыру көлемі артқан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихаты МӘМС жүйесіне арналды. Өңір тұрғындарына қандай көлемде медициналық көмек көрсетілгені туралы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Дәулетшина баяндады. Бүгінгі таңда өңір тұрғын­дарына 52 жеткізуші медици­налық көмек көрсетеді, оның 28-і – мемлекеттік, ал 24-і – жеке орталықтар. – Биыл медициналық көмек­тің кепілдік …

Қаржыландыру көлемі артқан Read More »

Елу үш көше жөнделеді

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы Лазутин, К.Сүтішев, Болатбаев, Зеленая және Алтын дала көшелерін жөндеу жұмыстарын тексерді. Биыл Петропавлда 53 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, соның отыз тоғызында бұрын-соңды асфальт болмаған. Бұл көшелер негізінен Жұмысшы кенті, Борки және Орман сынды шеткі шағынаудандарда орналасқан. Облыс әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын қатаң қадағалап, жаз күндерін тиімді пайдалануды тапсырды. “Қала …

Елу үш көше жөнделеді Read More »

Жол сапасы жақсарады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Көлік министрлігі еліміз бойынша маңызды әрі ірі жолдардың жөндеу ауқымын ұлғайтқан. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті маңызы бар жолдың сапасын арттыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл шаралар елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал етпек. Өткен жылдары өңірде 31,1 млрд. теңгеге 859 шақырым жол …

Жол сапасы жақсарады Read More »

ДИҚАНДАР ДӘН СЕУІП БІТТІ

Облыс диқандары 4,5 млн. гектар алқапқа (оның ішінде 3,4 млн. гектары – дәнді, 751 мың гектары – майлы, 379 мыңы – жемшөп, 26 мыңы – картоп, 5 мыңы көкөніс дақылдар) дән сіңіріп, жоспар толық орындалды. Бұдан бөлек, 1,9 млн. гектар егістік 142,3 мың тонна минералдық тыңайтқышпен қоректендірілді. Барлығы 3 млн. гектар жерге 256,6 млн. тонна …

ДИҚАНДАР ДӘН СЕУІП БІТТІ Read More »

“КЕҢ ДАЛАНЫҢ” КӨМЕГІ КӨП

Диқандар үшін ыңғайлы “Кең дала-2” бағдарламасына ел бойынша бүгінге дейін 300-ден астам кәсіпкер қатысса, соның 38-і – біздің өңірдің диқан­дары. Олар жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге жеңілдетілген несие алды. Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қар­жыландыруға бағытталған “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша несие алғандардың бірі – “Полтавское” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі. Ақ­қайың ауданындағы шаруа­шы­лықтың 15 мың …

“КЕҢ ДАЛАНЫҢ” КӨМЕГІ КӨП Read More »

Жарық бағасы қымбаттай ма?

Келер жылдан бастап өңірде электр энергиясын тасмалдау тарифы 0,48 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Яғни тұрғындар жарықтың 1 КВТ үшін 8,44 теңге төлейді. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Алайда қоғамдық кеңеске қатысқан қоғам белсенділері мен тұрғындар бұл өзгеріске наразылықтарын білдірді. Себебі қазір 1 квт-қа 7,96 теңге төлейді. Бірақ энергетиктер басқа өңірлердегі 14 электр тарату …

Жарық бағасы қымбаттай ма? Read More »

Көшелер көркейе түсті

Преснов ауылдық округі – ауданның келбеті әрі әлеумет­­тік-экономикалық дамуының айнасы іспеттес. Оның кіребе­ріс және кентішілік жолдары жөнделіп жатыр. Аудан орталығындағы Батырев, Е.Шайкин, Пионер көшелерін, Колхоз қиылысын жөндеуге 200 мил­лион теңгеге жуық қаржы бөлініп, тозығы жеткен жол­дар, сондай-ақ оқушылар тұратын жатақхана қалпына келтірілді. “Преснов ауылдық округінің орталығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының ау­ма­ғы – 2 гектар. Оның …

Көшелер көркейе түсті Read More »

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетел компанияларының Қазақстанға инвестиция құюға деген ерекше ден қоюшылығы мен қызығушылығына байланысты экономикалық аймақ бойынша мүлдем басқаша саясатқа көшу талабын қойған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық аймақтың тиімділігімен қатар түйткілді тұстарын да саралап, тың тәсілдерді ойластыру – басты міндет. “Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары” Жолдауында экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі басымдықтарының …

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ Read More »

ДИҚАНДАРДЫ ДЕМЕУДІҢ ТЫҢ ӘДІСІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапары бары­сында Ойқала шағынауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қала бойынша 2176 үйді қызыл су шайып, 1458-і жарамсыз деп танылған. 718 баспана қайта қалпына келтірілмек. Людмила Жалдактың үйіне техникалық бағалау жүргізіліп, мемлекет тарапынан 9,2 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұ­мыстарын үй иелері өздерінің …

ДИҚАНДАРДЫ ДЕМЕУДІҢ ТЫҢ ӘДІСІ Read More »

Табысты ферма

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жол­да­уында ішкі на­рықты не­гізгі азық-түлік өнімі­мен толық қам­тамасыз ету қажет екенін айтқан болатын. Мұны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылы­ғымен айналы­сатын жандарға субсидия қол­жетімді болу ке­ректігін алға тартты. Қызыл­жар өңірі сүт өндірісі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жуыр­да Шал ақын ауданына бар­ған іссапа­рымызда “LTD Zha-Group” та­уарлы-сүт фер­ма­сында бо­лып, жұмысы­мен танысып қайтқан едік. 2022 …

Табысты ферма Read More »

ЖҮГІ АУЫР ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП

Нарықтық экономикадағы не­­гізгі қозғаушы күштің бірі – жеңіл өнеркәсіп саласы. Халық тұ­ты­натын тауарларды өндіретін бұл сала маңыздылығы жағы­нан азық-түліктен соң екінші орында. Бүгінгі таңда елімізде 1400 же­ңіл кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның 58 пайызы – тігін, 33 пайызы – тоқыма бұйымда­рын, 9 пайызы (119) – былғары және со­ған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар. Сала­ның 97 па­йы­зын …

ЖҮГІ АУЫР ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП Read More »

“СОЛТҮСТІК КОЭФФИЦИЕНТІН” ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ

1999 жылы жүргізілген Ұлт­тық санақ деректеріне сүйен­сек, Солтүстік Қазақстан облы­сы тұрғындарының саны 725980 болса, арада өткен ши­рек ғасыр бедерінде (1.01.2024 ж.) басқа жақтарға үдере көшу салдарынан 530039-ға дейін азайып кеткен. Жасыратыны жоқ, алаңда­тарлық демографиялық ахуал­ды жақсартуға қатысты ұсыныс-пікірлер мен тұшымды ойлар жұртшылық, қоғамдық ұйым­дар, халық қалаулылары, БАҚ өкілдері тарапынан қаншама рет айтылып, тиісті органдар на­зарына …

“СОЛТҮСТІК КОЭФФИЦИЕНТІН” ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ Read More »

АЙЫРТАУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болып, кәсіп­орындардың жұмысымен танысып, егіс науқанының барысын бақылады. “Sau­malkol Sut” серіктестігі ірімшік өндірісіне арналған цехті жаңғыртып жатыр. Нәтижесінде жылына 450 тонна ірімшік өнімдері шығарылмақ. Өңір басшы “Таза Қазақ­стан” акциясы аясында ауыл­дарды абаттандыру жұмыста­рын көріп, өртке қарсы күреске арналған шараларды тексерді. Сонымен қатар аудан тұрғын­дарымен кездесу өткізіп, өзекті …

АЙЫРТАУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН Read More »