Әртараптандырудың берері мол
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Уәлиханов, Ақжар аудандарына жұмыс сапарымен барып, егіс науқаны барысымен танысты. Сонымен қатар агроқұрылым басшыларымен кездесіп, Ақжарқын және Восход ауылдық округтеріндегі бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралады. Алдымен Ақжарқын ауылдық округіндегі “Керейт” шаруа қожалығының егіс алқабына барды. Шаруашылық басшысы Медет Көкешев маңызды науқанның барысы туралы баяндады. Шаруа қожалығы егістікті әртараптандыруды жоспарлы …