«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Егіс алқабы ұлғаяды

Қызылжар өңірінде көктем­гі дала жұмыстарының ауылы алыс емес. Маңызды кезеңге диқандар да, бейінді басқарма да дайындалып жатыр. Биыл об­лыста өнімді екі есеге ұл­ғай­ту мақсатында егістік жер­дің көлемін кеңейту көзделіп отыр. Әсіресе азықтық дақыл­дарға басымдық берілмек. Облыс­тық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары бас­қар­масы­ның басшысы Мей­рам Меңді­баевтың айтуынша, биыл қа­ра­құ­мық алқабы 26 мың гектар болады. Картопқа тиесілі …

Егіс алқабы ұлғаяды Read More »

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Франция елінің делегациясын қабылдады.      Кездесу барысында өңір басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынастың орнағанын атап өтті. Былтыр Франция мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 3,2 млн. долларды құраған. “Qyzyljar” экономикалық аймағында сіздердің өндірістеріңізді орналастыруға дайынбыз. Бизнес өкілдерін 16 ақпанда өтетін “Қызылжар Investment” халықаралық инвестициялық …

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ Read More »

Дилерлік орталық ашылмақ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов немістің “CLAAS” компаниясының вице-президенті Нильс Ройчты қабылдап, дилерлік орталық ашу жайын талқылады. Ғауез Торсанұлы  екіжақты кездесуде жергілікті жерде ауыл шаруашылығы техникаларын шығару жобасының жүзеге асуы мен даму перспективалары туралы әңгімеледі. Шетелдік мейман комбайндар, тракторлар және тұқым себу кешендерін құрастыруды ұлғайтумен қатар ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. Кездесуде сервистік …

Дилерлік орталық ашылмақ Read More »

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС

Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа нарықтық экономикалық қатынастарға көшуіне байла­нысты бұрынғы құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы­лық бақылау саласын реформа­лау қажеттілігі туындады. Осы орайда бюджеттік үдерістердің кең ауқымды шараларының бірі – қазынашылықты құру болды. Пре­зидент Жарлығымен 1994 жылы 27 қаңтарда Қаржы ми­нистрлігі жанынан Бас қазына­шы­лық басқармасы ашылып, бұл қаржы жүйесін жандандыру және бюджеттің орындалуын тиімді басқару жолындағы …

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫ АЛҒА БАСТЫРАТЫН ТЕТІК

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары түйінделіп, 2024 жылға арналған жоспарлар бекітілді. Алқалы басқосуда баянда­ма жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қалижанов жеке салаларға тоқталып, тұтастай алғанда, негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзге­рістер қалыптасқанын жеткізді. Ауыл шаруашылығында 851,5 млрд. теңгенің өнімі шы­ғарылған. Мал шаруашылығын­да ет өндірісі – 1,2, сүт …

ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫ АЛҒА БАСТЫРАТЫН ТЕТІК Read More »

Сапасы төмен болса да сатып алуда

Өткен жылғы қолайсыз ауа райы диқандарды қыспақ­қа алға­ны белгілі. Жаз бойғы құрғақшы­лық, күзде то­лас­сыз себелеген жауын шаруаларды шығынға ба­тырды. Сол кез­де үкімет ауа ра­йы­ның қолайсыздығынан зардап шеккендерге қолдау шаралары болатындығын айтқан- тұғын. “Азық-түлік келісімшарт корпора­циясы” 4-ші, 5-ші сы­ныпты және сыныпсыз бидайды тікелей сатып алуды бастады. Астықты тапсырып, төлемдерін алып үлгерген серіктестіктердің бірі – “Әлти Гарант” …

Сапасы төмен болса да сатып алуда Read More »

Ақша-несие саясатындағы өзгеріс

Ұлттық банк базалық пайыз­дық мөлшерлемені осымен қата­рынан төртінші рет төмендетіп, ақ­ша-несие саясатын жұмсарту­ға ниетті екенін аңғартқандай. Мөлшерлеме 15,75 пайыздан 15,25 пайызға түсірілді. 2022 жыл­­дан басталған 16,75 пайыз деңгейіндегі қатаң мөлшерлеме 8 ай бойы салтанат құрды. Оның дәуірі 2023 жылдың тамызында тамам болып, 16,50 пайызға тө­мендетілді. Одан кейінгі, қазан­дағы отырыста мөлшерлеме 16,00 пайыз болып бекітілді. Қа­рашада …

Ақша-несие саясатындағы өзгеріс Read More »

Жұмыртқаға сұраныс жоғары

Облыста жұмыртқа өндірумен айналысатын 6 құс фаб­ри­касы бар. Былтыр кәсіпорындар толық қуатының тек 74 пайы­зы деңгейінде ғана өнім өндірді. Облыстық ауыл шаруашылы­ғы және жер қатынастары басқар­масы баспасөз қызметінің мәліме­тін­ше, өңір тұрғындары орта есеп­пен жылына 150 млн. жұ­мыртқа тұтынады. Облыстың құс фабрикалары қажеттілікті толық жаба алады. Мәселен 2022 жылы 705,7 млн., соның ішінде құс фабрикалары 530,7 …

Жұмыртқаға сұраныс жоғары Read More »

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ, ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ

Өңірімізде 2020-2022 жыл­дар аралығында жүзеге асы­рыл­ған “Ауылдың дамуы – ел­дің дамуы” жобасы қорытын­ды­ланды. Еуропалық Одақ жо­ба аясында Айыртау, Қызыл­жар және Мамлют ауданда­рына 123 млн. теңге бағыт­таған. Қоғамд­ы және бизнесті дамыту үшін екі жүзге жуық адам оқытылыпты. Бұл жайында Петропавлда өткен қорытынды кеңесте айтылды. – Бұл жоба жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін жақсар­ту­ға, халқымыздың рухани жә­не экономикалық …

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ, ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ Read More »

Санаторийі жоқ солтүстікте шипажай есігін айқара ашпақ

Ем іздеген, денсаулығын сауықтырғысы келген өңір тұрғындары қа­зір көбіне еліміздің басқа өңірлеріндегі санаторийлерді таңдап жүр. Се­бебі солтүстікте бірде-бір шипажай жоқ. Петропавлдағы қос мекеме – “Солнечный” профилакторийі мен “Транссиб” санаторий-профилакторийі табиғаты әсем жерде орналаспағандықтан көпшіліктің барғысы келмейді. Біздің өңір аумағында өзі­нің сұлулығымен, жасыл желе­гі­мен, таза ауасымен, емдік қасиеті мол суы және лайымен қазақстандықтар ғана емес, көрші …

Санаторийі жоқ солтүстікте шипажай есігін айқара ашпақ Read More »

Маңызды іскерлік байланыс

Еліміздегі ірі кәсіпорындар­дың бірі саналатын “Петро­павл ауыр машина жасау” за­уыты мұ­най және газ саласы жабдық­тарын шығаруға ма­ман­данған. Өнім сапасы EN ISO 9001-2008 ха­лықаралық стан­дарттар тала­бы­на толық жа­уап береді. Соңғы жылдары мұнда ас­панасты елінің кәсіпкерлері­мен бірлесіп, жаңа жобалар жү­зеге асырылып келеді. Соның бірі – ұшқышсыз ұшу аппарат­та­рын өндіру бойынша қоста­раптық ынтымақтастық мемо­рандумы­на қол қойылып, жаңа буын …

Маңызды іскерлік байланыс Read More »

Декларацияны кімдер тапсырады?

Облыстық мемлекеттік кіріс­тер департаменті жалпыға бір­дей декларациялау туралы ха­барлайды. Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндет­теме­лер туралы декларацияны 1 қаң­тардан бастап заңды тұлға­лар­дың басшылары мен құрыл­тай­шылары (қатысушылары), да­ра кәсіпкерлер, сондай-ақ олар­дың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызме­тін тоқтатқандарға да қолданы­лады. Азаматтық кодекстің норма­ла­ры­на сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 …

Декларацияны кімдер тапсырады? Read More »

Артық төленген салық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об­лыс бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төле­нетін төлемдерге мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлік субъек­тілерінің салық сомасын артық төлегенін анықтады. Ведомство баспасөз қызме­тінің мәліметінше, мониторинг 2022-2023 жылдар кезеңіне жүр­гізілген. IV санаттағы объектілер­дің операторлары қоршаған ор­та­ға эмиссия үшін өздігінен қате есептеу салдарынан бюджетке шамамен 96 млн. теңге артық салық төлеген. Осындай барлы­ғы 210 жағдай белгілі …

Артық төленген салық Read More »

2024 жылы қанша жарна төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің (ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсініктеме берді. Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3 пайызы мөл­шерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай са­йынғы табыс …

2024 жылы қанша жарна төлейміз? Read More »

Төлемнің көлемі артты

1 қаңтардан бастап Қа­зақстанның Ұлттық банкі анықтаған болжамды инф­ляцияның деңгейіне сәй­кес барлық мемлекеттік жәрдемақылар және базалық зейнетақы 7 пайызға, ын­тымақты зейнетақы 9 па­йызға өсті. Яғни бұл инф­ляция деңгейінен 2 пайыз­ға артық. Жалпы өңірде 145 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады. Олардың 102 мыңы – зейнеткер. Биылғы жылы бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері 130414 теңгені …

Төлемнің көлемі артты Read More »

САПАЛЫ ВАГОНДАР

“ЗИКСТО” зауыты темір жол саласына қажет жүк вагондары мен платформалар шығарады. Қазақстандағы жүк вагондарын құрастыратын жалғыз зауыттың өнімдері бәсекеге қабілетті. Қазір еліміздегі жетекші өндіріс орны саналады. Соңғы жылдары “Вагон парктерін жаңғырту” жобасына белсенділікпен қатысып, тапсырыс портфелі заманауи үлгідегі өнімдермен толықты. Бұған дейін бір мыңнан астам вагон құрастыру межесі мерзімінен бұрын орындалса, былтыр “Жолаушылар тасымалы” компаниясы …

САПАЛЫ ВАГОНДАР Read More »

Сиырдың сүті – тілінде

Төсінде төрт түлік шұбырып, да­ласында егін жайқалып, қам­ба­сында астығы тасыған Қы­зыл­жар – еліміздің агроөнеркә­сі­бінде маңызды орын алатын об­лыстардың бірі. Ет, сүт, жұ­мырт­қа, айта берсек, халыққа бі­рінші кезекте қажетті азық-түліктің көбі теріскейде өндірі­леді. Соңғы жыл­дары қарқынды жұ­мыс істеп, қолданысқа беріліп келе жатқан сүт фермалары, құс фабрикала­ры өңіріміздің ауыл ша­руашылығы саласындағы мүм­­­кіндікте­рінің бұдан да зор еке­нін көрсетіп …

Сиырдың сүті – тілінде Read More »

Өнімдері сұранысқа ие

Өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі – ауыл шаруашылығы болса, екіншісі – өндіріс саласы. Соңғы жылдары өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, зауыттар жаңарып, Қызылжардан шығатын өнім түрлері көбейіп келеді. Нәтижесінде облыстағы өндіріс көлемі биыл 574,7 млрд. теңгеге жеткен. Ашылғанына көп бола қоймаса да, даму жолына түсіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан кәсіпорындардың бірі – “SMBGROUP Family” …

Өнімдері сұранысқа ие Read More »

БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көр­сеткіштері мен бюджеттің кіріс-шығыс бөлігінің орын­да­луы қаралды. Бірінші мәселе бойынша баян­дама жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қа­лижанов экономикалық индикатор 96,7 пайызды құрап, респуб­ликада 20 орынмен шектелгенін жет­кізді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 828,1 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 15,8 пайызға …

БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН Read More »

ДЕРБЕС БЮДЖЕТ – ІСКЕ ДЕМЕУ

Осыдан үш жыл бұрын жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа белесі – дербес бюджеттің енгізілуі ауылдық округтердің де қаржылық мүмкін­дік­терін ұлғайтып, тұрғындар үшін ма­ңызы бар мәсе­ле­лерді бірінші ке­зекте шешудегі рөлі айтарлықтай кү­шейтілді. Бұдан бы­лай қауымдас­тықпен бірлесе, ақыл­даса отырып, төртінші деңгейлі бюд­жеттің негізгі салық түрлерін қажетті­лікке қарай жоспарлап, жұмсай ала­мыз. Бұл орайда елді мекендердің жол­дары мен көшелерін қалпына …

ДЕРБЕС БЮДЖЕТ – ІСКЕ ДЕМЕУ Read More »