«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Тозған техникаға жаңа өмір сыйлаған

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі. Жеке кәсіп ашып, ісін сәтті дөңгелеткен адам отандық өнімдердің қатарын көбейтеді, жұмыс орындарын ашады, салығын төлеп, ортасына әлеуметтік көмегін жасайды. Қадамы нық кәсіпкерді қолдауға мемлекет те ынталы. Қабырғасы қаланғанына аз уақыт өтсе де елге танылған “ЭкоСеверАгро” жеке кәсіпкерлігі машинажасау саласына өз үлесін қосуға мүдделі.  Осыдан бес-алты жыл …

Тозған техникаға жаңа өмір сыйлаған Read More »

ДЕЛДАЛСЫЗ САУДА ТИІМДІ

Облыстық әкімдікте бірінші жарты жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Экономика бірқалыпты дамуда.  Облыс әкімі Айдарбек Сапаров 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, тәуекелге талдау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту және тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Отырыс барысында азық-түлік бағасына баса назар аударылды.  Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының …

ДЕЛДАЛСЫЗ САУДА ТИІМДІ Read More »

ЖАҢАШЫЛ ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Еңбекқорлық, жауапкершілік, жанашырлық, бәскекелестік сияқты қасиеттерді бойына дарыта білген адамнан ел сыйлаған іскер тұлға шығады. Өңірімізде ондай адамдар аз емес. Облыс экономикасы мен әлеуетін дамытуға сүбелі үлесін қосып жүргендердің бірі – Сермұхамет Ахмутдиновтың есімі жақсы таныс. Оның Қызылжар ауданының орталығында орналасқан  жеке кәсіпкерлігінде 128 адам жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкер мүмкіндігінше еңбеккерлерінің табысын көтеріп, тұрғын үймен …

ЖАҢАШЫЛ ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ Read More »

Зығыр майына сұраныс жоғары

Владимир Кан – ауыл шаруашылығы құрылымының жетекшісі. 2011 жылы тәуекелі мен қиындығы мол жеке кәсіппен шұғылдануға бел буады. Алдымен “Кан-Жамбыл”, кейін “Агро әулеті” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін құрып, отбасымен бірге іске кірісіп кетеді. Зайыбы – бас бухгалтер, ұлы – өндіріс директоры, қызы – сату саласындағы кәсіби маман. Дәнді және майлы дақылдарды өңдеу саласын таңдап алулары бекер …

Зығыр майына сұраныс жоғары Read More »

Өсімдікті қорғау – өзекті мәселе

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының” жергілікті филиалы облыс бойынша таралатын аса қауіпті зиянкестер мен карантиндік объектілерді анықтаумен және олар жөнінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дер кезінде хабардар етумен айналысады. Дабыл қағарлық жағдай туа қалса, техникалық регламентке сәйкес фитосанитариялық шаралар мен химиялық өңдеулерді талапқа сай …

Өсімдікті қорғау – өзекті мәселе Read More »

Үздіксіз ізденістің жемісі

“Аграрлық кредиттік корпора­ция” акционерлік қоғамының қар­жылай қолдау бағдарламасының бір тетігі – жастарға жеңілдетілген шағын несие беру. Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлт­тық жоба аясында бекітілген. Бес миллион теңгеге дейінгі шағын несие­ні 21-35 жас аралығындағы жастар ала алады. Бүгінге дейін солтүстікқазақстандық фи­лиалға 108 өтініш түсіп, қажетті қар­жы – 477673000 теңгені құрады. 74 өтініш …

Үздіксіз ізденістің жемісі Read More »

Астықты аз өсіріп, көп сатқан

Ресейдің астығына Қа­зақстан нарығында тосқауыл қойы­ла ма, шаруалар ірі сауда желілері арқылы өнім өткізуге неге қол жет­кізе алмай жүр, аграрлық қолхат қайтадан іске қосылуы мүмкін бе, бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы тиімді ме? Көпшілікті толғантқан осындай маңызды мәселелер Пар­ламент Мәжілісінің депутаты, “Res­publica” партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың бизнес өкілдерімен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Басқосуда Қазақстанда ресейлік астықтың саудасы …

Астықты аз өсіріп, көп сатқан Read More »

АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРАДЫ

Газетіміздің 2023 жылғы 28 қаң­тарында “Mäselenıñ mänısı” айдары­мен “Кәсіпкерлердің жанайқайы” де­ген сын мақала жарық көрген бола­тын. Онда көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан дүкен, шаштараз, дәмхана сияқты көпшілік­ке қызмет көрсететін орындардың ие­лері мен жалға алушылары жылу ақысының күрт қымбаттап, 2-3 есеге дейін шарықтап кетуін тариф нор­маларына қайшы әрекет ретінде ба­ғалап, мәселенің ақ-қарасын анық­тап беру үшін тиісті …

АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРАДЫ Read More »

ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛДАУҒА ИЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауында “Арнайы экономи­ка­лық аймақтарға инвестициялық же­ңілдіктерді саралап беру керек. Не­ғұрлым көп ақша салсаң, соғұр­лым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт бол­маса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын ин­вес­торлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер …

ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛДАУҒА ИЕ Read More »

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ

Петропавлда қала күніне орай ұйымдастрылған шара­лардың бірі “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесі мен “Бір ауыл – бір өнім” жобасына қатысушылардың көрмесі болды. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Сәт­жан Аблалиев марапаттады. “Қазақстанның үздік тауары” көр­ме-байқауы биыл тоғызыншы рет өт­кізілуде. Бұл жолы солтүстікқазақ­стандық кәсіпкерлер азық-түлік, жиһаз, киім-кешек, ыдыс-аяқ, кәдесыйлар, сондай-ақ химия­лық және құрылыс саласына қажетті тауарлар­ды ұсынды. Облыстық кә­сіпкерлер …

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ Read More »

Шаруаға арналған несие

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін қаржылан­дыруға арналған несие беру тәртібін жария етті. Қазір құжат жобасы “Ашық үкімет” порталында талқы­лауға ұсынылған. Жаңадан кəсіп ашқан немесе байырғы кəсібін кеңейткісі келген ел аза­маттары енді бұл мақсатқа несие ресімдей алады. Əсіресе тауарлы-сүт фермаларына (400 бас­тан басталады), ет өндіретін құс фаб­рикаларына (жылына 5 мың тонна құс еті), көкөніс сақтауға (1000 …

Шаруаға арналған несие Read More »

Сапасы жоғары, бағасы арзан

Облыс орталығында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындарына өз өнімдерін алты аудан ұсынды. Жәрмеңкеге өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Қызылжарлықтар керек-жарағын сатып алып жатқан жәрмеңкеге облыс әкімі Айдарбек Сапаров барды. Сатушылармен тілдесіп, сөреде тұрған өнімдердің сапасына назар аударды. Сауда-саттық Жамбыл көше­сі бойындағы Спорт сарайының ма­ңындағы алаңда ұйымдасты­рылды. Таңертең …

Сапасы жоғары, бағасы арзан Read More »

Хош иісті құлпынай

Құлпынай – дәмді де хош иісті жидек. Қып-қызыл жидектің өсімталдығы бағбанына байла­нысты. Оның бабын таба білетіндердің бірі – Хабиба Абдрахманова. Ол құлпынай өсірумен қырық жылдан аса уақыт айналысып келеді. Қазір жасы жетпіске жетсе де, сүйікті ісін тас­тамай келеді. “Біріншіден, денсаулыққа пайдалы қимыл, екіншіден, сүйікті іс, үшіншіден, отба­сы бюджетіне көмек”, – деп жер бауыры жіпсігеннен бастап, …

Хош иісті құлпынай Read More »

Ішкі туризм талпыныстары

Қызылжар өңіріне жұмыс сапары­мен келген Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Айыртау ауданында болып, жұрт­шылықпен кездесу барысында отан­дық туризмді дамыту жайын қозғады. Бірқатар өзекті мәселелер ашық талқыланды. Вице-министр жыл басынан бері өңірге 24 мыңнан астам турист келгенін атап өтті. Оларға көрсе­тілген қызмет көлемі 360 млн. тең­гені құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 28 …

Ішкі туризм талпыныстары Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

1 шілдеден бастап жәрдемақы­лардың және әлеуметтің төлемдер­дің кейбір түрлерінің көлемі өсті. Өңірлік коммуникациялар қызме­тінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында осы тақырып әңгіме өзегіне айналды. “Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалия Мұқанова биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап зей­нетақы жүйесінде қатысты бірқатар өзгерістер болғанын айтты. Атап айтқанда, салымшылардың инвес­тициялық мүмкіндіктері кеңейтіліп, зейнетақы жинақтарының ең …

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ ӨСТІ Read More »

МАЛ БАҚСАҢ, АСЫЛЫН БАҚ!

Қазақ халқы үшін мал шаруашылығы – әлімсақтан келе жатқан атакәсіп. Қазір де өрістен қайтқан төрт түлік ауылдың сәнін кіргізіп, ырыздық-несібесін малдан тапқан жандардың негізгі табыс көзіне айналып отыр. Мал баққан соң, асылтұқымдысын таңдаған дұрыс. Себебі сойсаң еті мол, саусаң аузың ақтан бір арылмайды. Жерлесіміз Дәурен Салықов – ірі қараны асылдандыру үшін тер төгіп жүрген жандардың …

МАЛ БАҚСАҢ, АСЫЛЫН БАҚ! Read More »

ӨҢІРЛІК ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Өңірімізде кәсіпкерлік, сауда және туризм салаларын дамыту, инвестициялық климатты жақсарту, өнеркәсіптің өрісін кеңейту – күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін бұл салаларда атқарылар жұмыс аз емес. Осы ретте түйінді мәселелерді ашық айтып, толғандырып жүрген сауалдарын жолдаған оқырмандардың сұрақтарына облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин жауап береді. Нұрлан ӘЛІБАЕВ, Петропавл …

ӨҢІРЛІК ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ Read More »

СҮТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЫҢ СЕРПІН

Облыс орталығында өткен “Pro Молоко. Трендтер’23” екінші халықаралық форумы мен “QazaqSut” бірінші сүт шаруашылығы көрмесіне қазақстандық және шетелдік 600-ден астам делегат жиналды. Аграрлық сала бойынша осынша адамның бас қосуы – рекордтық көрсеткіш. Мұндай қызығушылық ауыл шаруашылығы, соның ішінде сүт өнімдерін өндіру ісінде түйткілді мәселелер бар екендігін дәлелдесе керек. Қатысушылар бірқатар мәселенің шешімін табатындарына сенімді. Тәжірибе …

СҮТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЫҢ СЕРПІН Read More »

Медициналық мекемелер салынады

“Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында өңірде екі жылда 46 медициналық мекеме – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және ме­ди­циналық пункт салынып, пайда­лануға берілмек. Облыстық құрылыс, сәулет жә­не қала құрылысы басқармасы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, медициналық мекемелер өңірдің әр ауданында бой көтереді. Биыл 9 ны­сан қолданысқа беріледі деп жос­парланған. Қызылжар ауданындағы Приб­реж­ное ауылында дәрігерлік амбу­латорияның құрылысы жүріп …

Медициналық мекемелер салынады Read More »

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Сұранысқа ие кәсіп ашу, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржылық сауаттылықты арттырып, салық төлеуді түсіну, табыс табу кәсібін енді ашқан адамға қиынға түсері анық. Осы ретте кәсіп ашамын деушілер алдымен “Бизнес бастау” оқыту курстарына қатысып, бизнес-бастамалар негізін үйреніп жатыр. Оқығанның ұтары көп. Білім алған тұрғындар өз кәсіптерін ашып, ойларында жүрген жоспарларын жүзеге асыруда. Солардың бірі – Александра Коробка. …

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН Read More »