«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

ӨНДІРІС ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Петропавл қаласында орналасқан бірнеше кәсіп­орынды аралады. Бұдан бөлек, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен, өндірістік әлеуетімен танысып, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ұжымдармен кездесті. Бұл кездесулерге облыс әкімінің орынбасарлары Марат Тасмағанбетов пен Дәурен Жандарбек те қатысты. Жұмыс сапары барысында де­легация “СТ Assembly” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. “CLAAS Group” неміс компаниясы …

ӨНДІРІС ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ Read More »

САХАМЕН САУДА-САТТЫҚ АРТА ТҮСПЕК

Саха республикасының инвестицияларды тарту және экспортты қолдау агенттігі өкілдерінен құралған делегация облысымыздағы бірқатар өндіріс орнын аралады. Ондағы мақсат – арадағы қарым-қатынасты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу. Шетелдік меймандар алдымен Петропавлдағы “Alageum Electric” зауытында болды. Еліміздегі ірі компаниялардың бірі – “Alageum Electric” зауытының филиалы өңірімізде осыдан екі жыл бұрын ашылған. “Қызыл­жар” арнайы экономикалық айма­ғында орналасқан кәсіпорынға 10 …

САХАМЕН САУДА-САТТЫҚ АРТА ТҮСПЕК Read More »

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте облыстың 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданғаны белгілі. Ауқымды бағдарлама аясында 1,8 трлн. теңгенің 87 іс-шарасын жүзеге асыру белгіленген. Бұл қаржының 70 пайызы – жеке инвестиция. Осылайша өңірдің даму қарқыны ұлғайып, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады. 64 инвестициялық жоба қолға алынып, АӨК, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларына, сондай-ақ …

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН Read More »

Ұлттық қор қаражаты балаларға қалай беріледі?

Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі. Ұлттық қордың инвестиция­лық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. Инвестициялық табыстың ықти­мал теріс мəндерін жекелеген уақыт аралықтарында нивелирлеу мақса­тында инвестициялық табыс мөл­шерлемесін есепті кезеңге өткен 18 жылдағы орташа жылдық мəн …

Ұлттық қор қаражаты балаларға қалай беріледі? Read More »

Қолжетімді субсидия

Агроөнеркәсіптік кешен субъек­ті­леріне несие беру кезінде сыйақы мөл­­шерлемелерін субсидиялау қа­ғи­даларына өзгерістер енгізілді. Ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өн­ді­ру немесе қайта өңдеу сала­сында­ғы басым жобалар бойынша та­уар­лар­дың бекітілген тізбесіне сәй­кес қыз­метін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өнді­ру немесе қайта өңдеу саласындағы біркүндік фирмалардың, жалған кə­сіпорындар …

Қолжетімді субсидия Read More »

Жас кәсіпкерлерге жәрдем

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жас кәсіпкерлерді қолдау және жұмыссыздықпен күресу үшін биылдан бастап жастарға жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Небәрі 2,5 пайызбен берілетін қаржылай қолдауға жыл соңына дейін 5 мыңнан астам азамат қол жеткізетіні айтылуда. Бағдарлама кәсіпкерлікті қолдаудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асады. Жас кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету “Аграрлық несие корпорациясының” ірі қалалар …

Жас кәсіпкерлерге жәрдем Read More »

Тың жобалар — табыс кепілі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың жай-жапсары баяндалды. Белгілі болғандай, былтыр өңіріміз ел көлемінде өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыты бойынша жетінші орынға тұрақтапты. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықовтың жобалар өнеркәсіп саласын дамытуға оң серпін беретінін атап өтіп, “жаңа …

Тың жобалар — табыс кепілі Read More »

ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, ТӨРТ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде қала әкімі Руслан Аңбаевтың тұрғындармен кездесуі өтті. Жиын барысында қалаішілік жолдарды қалпына келтіру, қаланы қоқыстан тазарту, жұмыспен қамту сияқты маңызды мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары айтылды. Сөз басында Руслан Әкімжанұлы елімізде өткен маңызды науқан – Қазақсан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берген тұрғындарға …

ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, ТӨРТ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ Read More »

Экономикада өсім бар

2023 жылғы қаңтар-ақпан айла­рында өнеркәсіп өндірісінің кө­лемі – 17,2, негізгі капиталға салын­ған инвестициялар – 13,4, құрылыс жұ­мыстары – 4,3, ауыл шаруашы­лығы өнімін шығару 4,1 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған ин­вес­тициялар көлемі – 30,8 млрд. тең­ге. Шаруашылық жүргізетін субъек­тілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы мөлше­рі­нің 57,9 пайызы) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қар­жыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр. …

Экономикада өсім бар Read More »

АС АТАСЫ – НАН

Өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі – Петропавл нан-тоқаш комбинаты. Тоқсан жыл бойы облыс тұрғын­дарын ас атасы – нанмен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорынның әлеуметтік маңызы айрықша. 1933 жылы қабырғасы қаланғаннан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жекеменшікке өткеніне де ширек ғасыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін нан өнімдерін дайындау оңай жұмыс емес. Шикізат пен электр қуаты …

АС АТАСЫ – НАН Read More »

Сүт фермаларын салуға басымдық берілмек

Өңіріміздегі заманауи сүт фермаларын аралаған бес облыстың агробизнес өкілдері игілікті істермен танысқаннан кейін арнайы ұйымдастырылған семинар-кеңеске жиналды. Алқалы басқосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, сүтті және аралас ірі қара тұқымы республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев қатысты. Марат Иманбайұлы семинарға қатысушыларға өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың құттықтау лебізін жеткізіп, өңірде егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да …

Сүт фермаларын салуға басымдық берілмек Read More »

“Жасыл экономика” – бизнеске пайда

Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн тренингте шағын және орта бизнес саласына “жасыл экономика” қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланып, ұтымды ұсыныстар ортаға салынды. Орта Азиядағы табиғи ресурстарды орнықты пайдалану жөніндегі халықаралық сарапшы Йорг Андреас Динкелакер ауыл шаруашылығында энергия көздерін тұтынудың жаңартылған технологияларына көшу жолдарын баяндап берді. Агроөнеркәсіптік кешендегі төмен көміртекті даму қағидаттарын енгізуге байланысты стандартты шешімдер таныстырылып, …

“Жасыл экономика” – бизнеске пайда Read More »

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі

Мал шаруашылығы өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады, соңғы кездері брендке айналды деуге болады. Республикадағы әр үшінші тауарлы-сүт фермасы теріскейде орын тепкен. Елімізде өндірілетін ақтың 10 пайызы өңірімізге тиесілі. Былтыр 647,8 мың тонна өнім алынды. Бүгінгі таңда бұл саламен 100-ден астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 36 заманауи сүт кешені жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда 30 …

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі Read More »

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Республикалық бюджет комиссиясы Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін таратуға 100 млрд. теңге бөлуді мақұлдады. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте аталған қаражатты тауарлы-сүт фермаларын салу жобаларын қаржыландыруға жұмсау ұсынылды. Облыс тәжірибесі негізінде елімізде озық жобаларды іске асыру жоспарланған, ондағы басты мақсат – ішкі нарықты …

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ Read More »

АУДИТТІК ТЕКСЕРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Тексеру комиссиясының негізгі қызметі облыс аумағында қар­жылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активте­рін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағдарланған. Осыған орай жүктелген міндеттер мен өкілеттіктер мемле­кеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асыры­ла­ды. 2022 жылы 43 аудит объектісін­де 16 аудиторлық іс-шараның (тиім­ділік аудиті–13) қорытындысы шы­ғарылды. …

АУДИТТІК ТЕКСЕРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ Read More »

Климаттық ерекшелік ескерілмеген

Көктемгі дала жұмыстарына байланысты арзандатылған дизель отыны бөлінген кезде климаттық жағдайлардың есепке алынбағаны жайлы дабыл қаққан облыс диқандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгініп, мәселе оң шешілді. Зерттеу барысында Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына арналған жанар-жағармайдың көп бөлігін техникалық сипаттамалары теріскейдің ауа райына сәйкес келмейтін Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) бөлгені анықталды. Мұнай …

Климаттық ерекшелік ескерілмеген Read More »

Қаржыландырылған жобалар

2001 жылы құрылған “Есіл” несиелік серіктестігі өз қатарына ауылдағы тұрғындарды тұрақты түрде біріктірген қаржы құрылымына айналды десе де болады. Бұл мекеменің қатарына алғашқыда 14 шаруашылық қана кірсе, бүгінде облыстың алты ауданынан 79 шаруашылық мүше. Оларды жұртшылық ұйымшыл команда ретінде жақсы таниды. Жарғылық капитал 4,6 млн. теңгеден 602,1 млн. теңгеге дейін ұлғайды, жалпы несиелік желі 10 …

Қаржыландырылған жобалар Read More »

Бразилияға да экспортталмақ

“BioOperations” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін таби­ғи ингредиенттің экспорттық географиясы тағы да кеңейді. Жергілікті жерде қалдықсыз шығарылатын би­дай глютені бұған дейін Түркия, Беларусь, Ресей Федерациясы, Ита­лия, Нидерландыға жөнелтіліп келген болатын. Енді бұл тізімді Бразилия толықтырып отыр. “Ақпан айында тауардың шығу тегін сертификаттау ісімен айналы­сатын мамандарымыз Бразилияға 45 тонна бидай глютенін жіберуге экспорттық сертификатты “BioOpe­rations” ЖШС-не табыстады. …

Бразилияға да экспортталмақ Read More »

СОЛТҮСТІКТЕГІ СОНЫ БАСТАМАЛАР

Халықтың әл-ауқатының артуы ел экономикасының дамуына тіке­лей байланысты. Кәсіпорындар ке­дергісіз жұмыс істеп, өндіріс өркен­десе, өңірлер де қуатты болмақ. Бұл орайда отандық бизнестің арқалай­тын жүгі ауыр. Бүгінгідей қымбат­шы­лыққа тоқ­тау салудың да бір жолы жергілікті тауарөндірушілерді қолдау болмақ. Бұдан бөлек шетелдік ин­весторлардың қызығушылығын оя­тып, елімізге қаржы тарту да – Тә­уел­сіздік алғалы бері алға қойып отырған мақсаттарымыздың бірі. …

СОЛТҮСТІКТЕГІ СОНЫ БАСТАМАЛАР Read More »

Көктемгі егіс науқаны ұйымшылдықпен өткізілуі тиіс

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық және экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев Президенттің ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан ағымдық жұмыстарға тоқталды. Биыл барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің 3,2 млн. гектарына …

Көктемгі егіс науқаны ұйымшылдықпен өткізілуі тиіс Read More »