Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде “Қазақстан – мүмкіндіктер векторы” атты іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиынға өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бастап барды. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абавтың, Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің тең төрағасы Тимур Жаркеновтің, …