Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко «Ашық диалог» интернет-порталында өткізген конференциясы барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері қозғалды.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік қызметке орналасқан кезде сынақ мерзімінен өту, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі туралы сауалдармен шектелмей, сондай-ақ төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтардың 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді алу тәртібі, E-gov порталынан электрондық сандық қолтаңбаны онлайн алу туралы сұрақтарын да қойды.
«Ашық диалог» – мемлекеттік органдар мен қоғам арасында кері байланыс орнатуға арналған алаң.