Жеке қабылдау өткізеді
Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!
2020 жылғы 11 ақпан күні сағат 10.00-ден Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары жеке қабылдау өткізеді.
Есеп береді
2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 15.00-де Оқушылар сарайында (Жамбыл көшесі, 55 А) облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.
Облыс әкімінің есебі “МТРК” телеарнасында және Солтүстік Қазақстан облысының www.sko.gov.kz ресми интернет-ресурсында тікелей эфирде көрсетіледі.
Тұрғындар облыс әкіміне 8(7152)
35-02-04 телефоны, www.sko.gov.kz ресми сайты немесе “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілердегі “Qumar Aqsaqalov” аккаунты арқылы сұрақ қоя алады.
Сауалдарды, ескертулерді және ұсыныстарды жинау үшін барлық аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінде, сондай-ақ облыстық әкімдікте арнайы жәшіктер қойылды.
12 ақпан күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін “Call-center” 8(7152) 35-00-07 жұмыс істейтін болады.
Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі аяқталған соң Оқушылар сарайында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіледі.