«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙЛАҢЫЗ: КӨКТАЙҒАҚ!

Қыс енді басталғанына қарамастан, жолдарды көк мұз басқан. Бұл жолдардағы төтенше жағдайлар санының артуына әкеледі.  

“Көкшетау-Омбы” жолында, Дәуіт елді мекенінің маңында көктайғақ салдарынан тіркемесі бар “МАН” жүк автокөлігінің жүргізуші рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Ақжар ауданының жедел реттеу отряды жүк көлігін сүйреп алып шыққан.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылы маңында көктайғақ салдарынан тіркемесі бар “КамАЗ” сырғанап, жолды жауып тастаған. Аталмыш ауданның жедел тобы мен әкімдік мамандары оқиға орнын реттеп, автомобильдердің қозғалысын ашқан.  

Жолдардың тайғанақ болуына байланысты әдеттегі жылдамдықты 5-10 км.-ге (мәселен, 80-нен 60-70 км/сағ.) ақырындатып, алдағы кетіп бара жатқан көлікке тым жақындамай, ара қашықтықты сақтау керек. Сонда ғана жол қозғалысында оқыс пайда болған келеңсіздіктен шығу жолын табуға дұрыс шешім қабылдап үлгеруге болады.

СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp