«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адам соққан автобус

Петропавл қаласындағы Ж. Қизатов көшесінде “Yutong” маркалы автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 16 жасар қызды қағып кетті.

Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына “же­дел жәрдем” бригадасы шақыртыл­ды. Зардап шеккен қыз түрлі дене жарақаттарымен қаладағы меди­циналық мекемелердің біріне жет­кізілді. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Меди­ци­налық куәландыру жүргізушінің ішім­дік ішпегенін көрсетті.

Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қа­жетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабыл­дау үшін материал жинауда.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp