«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ ТӨЛЕДІҢІЗ БЕ, ӘКЕ?

Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті үстіміздегі жылдың наурыз айында “Алимент – ата-ана парызы!” тақырыбында акция өткізді. Бұл шара аталмыш департаменттің “Алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалының сот орындаушылары және облыстық прокуратураның жұмыла жұмыс істеуі арқылы жүзеге асты.

Акцияның басты мақсаты – ата-аналардың өз балаларына қатысты алимент төлемдерін өтемеу мәселелеріне қоғамның назарын аудару, алименттік борыштарды өтеудің белсенділігін көтеру болып табылады. Жыл басынан бері сот орындаушылары Петропавл қаласы бойынша алиментті өндіріп алуға қатысты 3 мыңнан артық атқарушылық іс жүргізумен айналысты. Жоспарлы шараны өткізу кезінде алимет төлемдерін өтеу бойынша борыштары бар 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінен 15 борышкерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 3 борышкер 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен бірге, борышкерлерді жұмысқа орналастыру орындарын анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, өздерінің еңбек етіп жүрген орындарын жасырған 90 адам анықталды.

Ольга ВАСИЛЬЕВА,

 облыстық әділет департаменті алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp