Кеше кешкісін құбыр жарылып, Петропавл қаласының орталық көшелерінің бірін су басқан болатын. “Қызылжар су” жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің оншақты техникасы мен жиырма маманы жедел іс-шараларды жүзеге асырды. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су жүйесі бөлімінің бастығы Александр Супонин:
– Бүгінде жарылған құбыр қалпына келтірілуде. Қаланың бес үйіне су беру тоқтатылды. Кешке дейін жұмысты аяқтап, оларды қосамыз. Апаттың орын алу себебі анықталуда. Бұл жердің құбыры осыдан сегіз жыл бұрын ауыстырылған болатын. Бір құбыр екі жерден жарылды, – деді.