«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТҚА СЕБЕПШІ БҰЛАН МЕН ЖЫЛҚЫ

Өткен сенбі күні таңертең Қызылжар ауданының Знаменское ауылы маңында бұлан «КамАЗ» жүк көлігінің астына түсті. 38 жастағы жүргізуші машинасымен бидай тасымалдап бара жатқан. Жолда алдынан түз тағысы атып шығып, абайсызда көлікті соққан. Оқиға жөнінде жүргізуші полицияға хабарлаған. Қатты соққыдан бұланның төрт аяғы сынған. Полиция қызметкерлері жеткенше жарақат алған жануар өлді. Тәртіп сақшылары оны ветеринария қызметінің мамандарына тапсырды.

      Сондай-ақ Айыртау ауданындағы Айыртау ауылына жақын жерде сенбіден жексенбіге қараған түні кенеттен жолға шыққан жылқы жол-көлік оқиғасына себепші болды. «ВАЗ-21015» автомашинасының 35 жастағы жүргізушісі жануарды соққан. Соның салдарынан жүргізуші мен оның 18 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Учаскелік полиция инспекторы жылқының иесін анықтап, оған әкімшілік хаттама толтырды. Жабайы аңдар да, үй жануарлары да жол-көлік оқиғаларына себепші болып жатады. Кенеттен жолға шығып, жүргізушілер үшін үлкен қауіп тудырады. Орманның маңынан өткенде, түнде қырағылық танытып, жылдамдық режімін қатаң сақтау арқылы ғана жол-көлік оқиғасының алдын алуға болады. Бірақ бұл да соқтығысып қалудан сақтамайды, дегенмен апаттың ауыр салдарын барынша азайтады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp