1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өңіріміздің жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлері аға буын өкілдеріне тосын сый жасады. Бұл күні жолаушы кондукторға немесе жүргізушіге зейнеткерлік кәулігін көрсетсе болғаны, қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
“Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған Алғыс айту күні мерекесінен біз де сырт қалмайық деп шештік. Зейнет жасындағы адамдар 1 наурызда облыс орталығындағы барлық автобустар арқылы діттеген жеріне тегін жете алады. Аға ұрпаққа өз ілтипатымызды осылайша білдіргіміз келді”, – дейді “СҚО Автотранспорт одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.
(Өз тілшіміз).