«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ағаштарды заңсыз кескендер жауапқа тартылды

Петропавлдағы Мещан орманы аумағындағы «Веснянка» саяжай қоғамдастығында ағаштардың заңсыз кесілгені петропавлдықтардың наразылығын тудырды. 

Ағаш кесуден суреттер мен бейнежазбалар әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Бұл дерек бойынша Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне жүгінді. Тәртіп сақшылары жүргізген тексеру барысында жасыл желекті 1961 жылы туған петропавлдыққа тиесілі саяжай учаскесінде жұмыс істеуге жалданған жұмысшылар кескені анықталды. Саяжай иесіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 381-1-бабының 1-тармағы, яғни «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша материал жиналып, шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық сотына жолданды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp