«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЖАРЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Қызылжар ауданының Новокаменка ауылында Ұлттық спорт түрлері ОБЖСМ-ның оқушылары арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті.

Спорттық шараға Ақжар, Айыртау, Шал ақын, Мамлют аудандарының, облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейі, №8 ОМ және қазақ мектеп-гимназиясының өкілдері қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша, өз жас топтарында Д.Темірболатова (Шал ақын ауд.), Ж.Хоршат (Ақжар ауд.) және М.Хоршат (Ақжар ауд.) үздіктер қатарынан көрініп, алтын медальды жеңіп алды. А.Филатова (Айыртау ауд.), Б.Хоршат (Ақжар ауд.) және Д.Сүлейменова (Шал ақын ауд.) күміс медальға ие болғандардың қатарынан табылды. Ал Л.Гайко (Айыртау ауд.), А.Бейсенбиева (Шал ақын ауд.) және М.Әдірехин (Айыртау ауд.) қола медальға қол жеткізді.  

Жалпыкомандалық есепте Ақжар ауданы бірінші орынға ие болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp