“АДОН-Север” қоғамдық бірлестігі тәрбиеленушілеріне арнап жаңажылдық мереке ұйымдастырды.
Қазіргі таңда ұйымның қарамағында 70-тен астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Жаңажылдық шыршаға балалар өздерінің ата-аналарымен келді. Мерекеден көтеріңкі көңіл күйдің лебі еседі. Ұстаздардың көмегімен балалар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, тіпті, шағын қойылым да сахналап үлгеріпті.
Қоғамдық бірлестік жаңажылдық шыршаны жыл сайын ұйымдастырып келеді. Бұл мерекеде балаларға арнайы сыйлықтар да үлестіріледі.
(Өз тілшіміз).