«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бахтиер – “ЦСКА” сапында

Бұған дейін Ресейдің “Рос­тов” клубында өнер көр­сетіп келген Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнут­динов Мәскеудің атақты “ЦСКА” командасына ауысты.

“ЦСКА” клубы қазақстандық ойыншыны Бахтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін “Ростов” басшылығымен келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара келісімге келген. Отандасымыз жаңа клубпен 2024/2025 маусымға дейін келісімшарт жасасты. Журналистер трансфер құны 2 млн. еуроға бағаланғанын жазуда.

Бахтиер “Ростов” сапында жалпы 35 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушының бұл клубпен келісімшарты 2020 жылдың соңында бітуі тиіс болатын.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp