«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙБІТ ӨМІРДІ ҚАДІРЛЕЙІК

Облыс орталығындағы әл-Фараби мектеп-лицейінде “Ұлы Дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты 25 жұлдызды күн акциясының тоғызыншы күні “Н.Ә. Назарбаев манифесі “Әлем. ХХІ ғасыр” тақырыбына арналған шара өтті.

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті қамта­масыз ету жолында қыруар жұмыс атқарды. Биыл Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші, яғни қорытынды саммит Қазақстан үшін ғана емес, бүкіләлемдік қоғамдастық үшін де ерекше сипатқа ие болды. Сарабдал саясаттың сардары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық биік мінбелерден үнемі ізгі ниетті, игі идеялар көтеріп жүргенін көзіқарақты көпшілік жоғары бағалайды. Манифест те сондай бағалы бастамалардың жалғасы десек, қателеспейміз.

– Елбасы жариялаған манифесте соғыстың ауыр зардабы айтылды. Ядролық қарудың зардабы бір емес, бірнеше буынды шарпиды. Бейбітшілікте өмір сүріп жатқан бүгінгі жастар қолға қару алмауды және тыныштықтың құнын біліп өсуі керек, – дейді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова.

Форумға қатысқан оқушылар да Елбасының сындарлы саясатының арқасында бейбіт өмір сүріп, ана тілімізде білім алып, армандарымызды жүзеге асырудамыз, деген ойларын жеткізді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp