“Қазгидромет” РМК мәліметтері бойынша қаңтардың 21-23-і күндері Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетіп, борандатуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.