«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМДІНІҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Біз – Қазақстанның болашағымыз” тақырыбында сайыс өтті. Өңір оқушыларының білім деңгейлерін анықтау, шапшаң ойлау қабілеттерін арттыру, жас оқырмандарды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға облысымыздағы бірнеше оқу орындарының оқушыларынан құралған “Өркен”, “Алашұлы”, “Дарын” топтары қатысып, бақтарын сынады. Талапкерлердің қабілеттерін өңіріміздегі жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен психологтері бағалады.

Сайыстың бірінші бөлімінде үміткерлер өздерін бейнетүсірілім арқылы таныстырып, білім алып жүрген мектептерінің жетістіктерін, оқушыларға жасалып отырған мүмкіндіктерді қамтуға тырысты. Екінші кезеңде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Сауалдардың басым бөлігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді өркендету жолындағы реформалары және елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде өрбіді. Соңғы бөлімде Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғаған оқушылар ерекше көзге түсті. Топ мүшелері ағылшын тіліне жүйрік екендіктерін қойылған сұраққа мүдірмей, еркін, жан-жақты жауап берулері арқылы дәлелдеді.

Сайыстың қорытындысында жүлделі бірінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларынан құралған “Өркен” тобы жеңіп алды. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушыларының “Дарын” тобы екінші орынды иеленді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp