«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ҒАСЫРЛЫҚ ШЕЖІРЕ

Үстіміздегі жылы елімізде статистика саласының құрылғанына 100 жыл толды. Қазақстанның мемлекеттік статистикасы еліміздің өткен тарихымен ажырамас байланыста ұзақ қалыптасу жолынан өтті.

Ұлттық статистиканың тамы­ры тереңде жатыр. 1459 жылы Шу өзенінің бойында алғашқы Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы құрылғанда жергілікті халықтың саны 200 мың адамды құрағаны, XV ғасырдың соңында бұл көрсеткіш 1 миллионға жеткені туралы статис­тикалық мәліметтер бар. Бірақ қазіргі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің пайда болуы XVІІІ ға­сырдың екінші жартысына жатады. Ал 1920 жылы “Қазақ АКСР мемлекеттік статистикасы туралы ереже” бекітілді.
Мемлекеттік статистиканың өткен 100 жыл ішіндегі қалыптасуы мен дамуына елдегі саяси жағдай әсерін тигізіп өтті. Кеңес кезеңінің жоспарлы экономикасы кезінде статистика нақты жағдайға терең талдау және объективті бағалау жасамай, тіркеу органының функцияларын орындаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында да статистикалық ақпараттың атқарған рөлі зор. Қысқа мерзімде эвакуацияланған кәсіпорындар үшін бос ғимараттар мен үй-жайларға түгендеу өткізіп, өмір үшін қажетті материалдық ресурстар, өнеркәсіп жабдығын, көлік құралдарын, т.б. іздеп тапты.
Облыстық статистика департаментінің басшысы Марал Нұржауыпованың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp