Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зейнолла Мәкенов пен №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ермек Ақтанов қатысушы командаларды құттықтап, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестік білдірді.
Сайыстың шымылдығын Қостанай облысының “Суворов” және жергілікті “Пресновка” командалары ашты. Алғашқы минуттардан бастап қызу өткен ойын барысында қонақтар басымдық танытып, жеңіске жетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша Қостанай облысының құрама командасы бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орындар сәйкесінше Жаңажол және Пресновка ауылдық округтерінің құрама командаларына бұйырды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Аймат ЖАБАЕВ,
Жамбыл ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі.