«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГАЗЕТ ОҚЫП, ОЛЖАЛЫ БОЛ!

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді басы­лымдарға жазылу науқанының басталуына орай «Қаз­пошта» АҚ облыстық филиалында «Жазылушы күні» өтті. Өңірде жарық көретін газет-журналдардың өкіл­дері мен тұрақты оқырманның басын қосатын іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады.

«Өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» газет – түсіне білген адамға рухани азық. Демек оқырман тек жаңалық оқумен ғана шектелмейді, ел тынысын сезініп, қоғам өміріне белсене араласады. Газетке жазылу науқанының басталуымен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының дирек­торы Болатбек Мұқашев құттықтады.

«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС қызметкерлері облыстық «Soltüstık Qazaqstan» және қалалық «Qyzyljar nūry» газеттеріне алғаш болып жазылғандарға арнайы сыйлықтарын табыстады. Сый­лық тарату бұнымен тоқтамай­ды. Қос басылымға 2026 жыл­дың бірінші жартыжылдығына жазылған оқырмандар арасында iPhone ойнатылады. Ұтысқа қа­тысу үшін газетке жазылғаны­ңызды растайтын түбіртекті 87011054622 (WhatsApp) нөмірі­не жолдау қажет. Әр түбіртек иесіне арнайы нөмір беріледі. Жылдың соңында (газетке жа­зылу науқаны аяқталған соң) сол нөмірлер бойынша ұтыс өтеді.

– «Soltüstık Qazaqstan» газетін бала күнімнен оқып өстім десем болады. Әкем Жағыпар Құсайы­нов жазғандарын жариялайтын. Кейін өзім де қолыма қалам алып, газетке мақала жазып жүрдім. Марқұм Зейнолла Әкім­жанов, Қошқарбай Жұматаев сынды тілшілермен замандас­пын. Басылымның әр санын асыға күтемін, сүйсіне оқимын, – деді газетке алғаш болып жа­зылған тұрақты оқырмандардың бірі Мұрат Құсайынов.

Назым ЕСІМ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp